|
|
|
Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) болып белгіленсін. 2. Жүктелген функцияларды іске асыру үшін Ұлттық операторға мынадай өкілеттіктер берілсін: 1) ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу, сондай-ақ оларды дамытуға қатысу; 2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге ықпалдасуын қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының жобалық ықпалдастырушысы функциясын жүзеге асыру; 4) бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді енгізуді және оларды сүйемелдеуді жүзеге асыру, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқыту; 5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуіне техникалық жағдай жасауды қамтамасыз ету; 6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» веб-порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингі; 7) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының бірыңғай коммуникациялық ортасын құруға және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қатысу; 8) «электрондық үкімет» қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсету; 9) Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асыру. 3. «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 21-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |