Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 269 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Тренталâ
Халықаралық патенттелмеген атауы Пентоксифиллин
Дәрілік түрі инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 20мг/мл концентрат
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: 20,00 мг пентоксифиллин бар. қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы Мөлдір, түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы Шеткергі тамыр кеңейткіштер. Пуриндер. АТЖ коды С04АD03
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Пентоксифиллин эритроциттер мен бауырда қарқынды метаболизденеді. Олардың ішіндегі едәуір белгілісі - метаболит-1 (М-І; гидроксипентоксифиллин) ыдырау есебінен, ал метаболит-4 (М-ІV) пен метаболит-5 (М-V; карбоксипентоксифиллин) - негізгі заттың тотығуы есебінен түзіледі. М-І, пентоксифиллин сияқты фармакологиялық қасиетке ие және қан плазмасында пентоксифиллиннің бастапқы концентрациясынан екі есе асатын концентрацияда байқалады. 100 мг мөлшерін енгізгеннен кейін пентоксифиллиннің жартылай шығарылуы кезеңі шамамен 1,1 сағатты құрайды. Бауыр қызметінің ауыр бұзылулары бар науқастарда пентоксифиллиннің жартылай шығарылу кезеңі артады. 90% астамы конъюгирленбеген суда еритін метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылуында метаболиттердің шығарылуы баяулайды. Фармакодинамикасы Трентал эритроциттердің патологиялық өзгерген деформациялануына әсер ету есебінен, тромбоциттер агрегациясын тежеп және қанның жоғары тұтқырлығын төмендете отырып, қанның реологиялық (ағатын) қасиеттерін жақсартады. Трентал қан айналымы бұзылған аймақтардағы микроайналымды жақсартады. Белсенді әсер етуші зат ретінде Тренталдың құрамында ксантин туындысы - пентоксифиллин бар. Оның әсер ету механизмі фосфодиэстеразаны тежеуімен және қан тамырларының тегіс бұлшықеттері жасушаларындағы цАМФ пен қанның түрлік элементтерінің жинақталуына байланысты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|