Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 3 қарашадағы № 270 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауыТри-Ви Плюс Халықаралық патентелмеген атауы Жоқ Дәрілік түрі Қабықпен қапталған таблеткалар Сипаттамасы Ядросы ақшыл-сұр түсті теңбілі бар, ұзынша келген шабдалы түстес таблеткалар. Құрамы 1 таблетка құрамында: Белсенді заттар: А витамині (бета-каротин) 5000 ХБ, Е витамині (dl-альфа токоферола ацетат) 30 ХБ, С витамині (аскорбин қышқылы) 60 мг, мырыш (мырыш тотығы түрінде) 40 мг, мыс (мыс тотығы түрінде) 2 мг, селен (натрий селенаты түрінде) 40 мкг. Қосалқы заттар: дикальций фосфаты, микрокристалды целлюлоза, желатин, стеарин кышқылы, сахароза, натрий кроскармеллозасы, магния стеараты, крахмал, кремний диоксиді, магний силикаты, поливинилпирролидон, триацетин, токоферолдар қоспасы, натрий аскорбаты, үшкальций фосфаты, аскорбилпальмит. Қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза, титан диоксиді, №6 сары FD&C бояғышы, минералды май. Фармакотерапиялық тобы Құрамында минералды заттар бар витаминдер АТС Код: А11IB Фармакологиялық қасиеттері А витамині көру пигменттерінің түзілуіне қатысады; эпителиальды жасушалардың бүтіндігін қамтамасыз етеді, сүйектердің өсуін реттейді, иммуноглобулиндердің синтезін белсендендіріп, ағзаның жұқпадан арнайы қорғанысын қалыпты деңгейде ұстап тұрады.
С витамині әртүрлі ақ-уыздардың (коллагеннің) синтезін қамтамасыз етеді; тотығу-тотықсыздану үрдістерін реттеуге қатысады, темірдің ішектен сіңірілуіне ықпал жасайды, антиденелердің, интерферонның, глюкокортикоидтардың және катехоламиндердің синтезін ынталандырады, гистаминнің босап шығуына кедергі жасайды. Е витамині асқын тотығуға қарсы белсенділігі бар (бос радикалды реакцияларды тежейді, жасушалық және жасуша үстілік мембраналарды зақымдайтын пероксидтердің түзілуіне жол бермейді); эритропоэзды ынталандырады, тіндік тынысты жақсартады. Мырыш нуклеин қышқылдарының, ақ-уыздар, майлар, көмірсулар, гормондардың метаболизміне қатысады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|