|
|
|
Будапешт қаласына (Венгрия Республикасы) іссапарға жіберілген Ә.Ү. Әлденейдің және
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, 2009 жылғы 30 мамыр - 6 маусым кезеңінде Будапешт қаласында (Венгрия Республикасы) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Академиясындағы тренингке қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат басқармасының бастығы Әлібек Үсенұлы Әлденейге және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті халықаралық шарттарды сараптау басқармасының бастығы Айман Құдайбердіқызы Жекееваға тәуліктік шығыстарға жұмсаған шығындарын 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен өтесін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |