|
|
|
Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін. 3. Мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес келтірсін. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы өкімді орындауды бақылауды жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 158-ө өкімімен бекітілген
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы: ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |