Шығыс Қазақстан облыстық сотының үкіміне ішінара өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы төрағалық етуші судьяның, судьялардың, прокурордың, қорғаушы П.-ның қатысуымен өткен ашық сот мәжілісінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының 17 қыркүйек 2008 жылғы үкіміне наразы болған, жәбірленуші С.-ның апелляциялық шағымымен келіп түскен қылмыстық істі қарады. Шығыс Қазақстан облыстық сотының 17 қыркүйек 2008 жылғы үкімі бойынша А., 3 қазан 1979 жылы Семей облысы, Мақаншы ауданы, Көктерек ауылында туған, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ, білімі 9 сынып, жеке басты, жұмыс істемеген, - Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 2-бөлігінің «в», «и» тармақ-тарымен 16 (он алты) жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған. Сот үкімі бойынша сотталған А. төмендегі жағдайда қылмыс жасағаны үшін кінәлі болып табылған: 14 маусым 2008 жылы түстен кейін А. Семей қаласы «М» базарында спирттік ішімдік ішкен. Апайы мен шешесінің ақша бермегеніне ыза болған А. мас күйінде ас бөлмеге барып, шкафтың тартпасынан ағаш сапты пышақты алып, оны шалбарының белбеуіне тығып алып, пәтерден шыққан. Осыдан соң мас күйде болған А. сағат 17-00 шамасында Семей қаласы, 40 квартал, 2 үйдің төртінші қабатының баспалдағынан түсіп келе жатып, баспалдақпен көтеріліп келе жатқан жас бала С.-ны кездестірген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|