Бұзақылық ниетпен жәбірленушіні ұрып өлтіргендерге қатысты Атырау облыстық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы төрағаның, судьялардың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісінің, қорғаушылар Е., Ж.-ның қатысуларымен, Атырау облыстық сотының 2008 жылғы 16 қазандағы үкіміне апелляциялық тәртіппен келтірген сотталған А., А., Ж. және қорғаушылары А., Н., Ж.-ның шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Атырау облыстық сотының үкімімен А., 1990 жылғы 5 маусымда Гурьев қаласында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған, - Қазақстан Республикасының ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сай, қылмыстардың жиынтығы бойынша, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Өтеу мерзімі 2008 жылдың 2 маусымынан бастап есептелген. А., 1990 жылғы 9 шілдеде Гурьев қаласында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған, - Қазақстан Республикасының ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сай, қылмыстардың жиынтығы бойынша, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Өтеу мерзімі 2008 жылдың 7 маусымынан бастап есептелген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|