Қызылорда облыстық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы төрағаның, судьялардың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісінің қатысуымен еткен ашық сот мәжілісінде Қызылорда облыстық сотының 2008 жылғы 17 қазандағы үкіміне апелляциялық тәртіппен келтірген сотталғандардың қорғаушылары Т. мен М.-ның шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Қызылорда облыстық сотының үкімімен П., 1988 жылғы 7 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туылған, ұлты қазақ, бұрын сотталмаған, - Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен 15 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Өтеу мерзімі 2008 жылдың 19 шілдесінен бастап есептелген. А., 1988 жылғы 6 маусымда Көкшетау қаласында туылған, ұлты қазақ, бұрын сотталмаған, - Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен 14 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сай жазаларды қосып, түпкілікті ақтық өтеуге п 15 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге 3 сотталған. Өтеу мерзімі 2008 жылдың 13 шілдесінен бастап есептелген. Сотталған П. мен А. -дан мемлекет пайдасына ортақ негізде 235000 теңге іс жүргізу шығындары өндірілген. Іс бойынша айғақты заттардың тағдыры дұрыс шешілген. Сот үкімімен П. мен А. басқа адам құқығына қарсы, адам тобы болып, бұзақылық ниетпен Р.-ды қасақана өлтірген және А. соңғының мүлкін жасырын ұрлағаны үшін айыпты деп танылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|