|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Лондон қаласына (Ұлыбритания және
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және «WTM - 2009» халықаралық туристік көрмесіне қатысуға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 7 - 15 қараша кезеңіне Лондон қаласына (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі және Алматы қаласының және Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдіктері делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Вена - Лондон - Вена - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 011 «Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша және жергілікті бюджетте 013 «Туристік қызметті реттеу» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 9 қарашадағы № 1793 қаулысына қосымша
Лондон қаласына (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |