«2009 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 101 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2009 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 101 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 1711, «Солтүстік Қазақстан» газетінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 72-74, «Северный Казахстан» газетінің 2009 жылғы 17 маусымдағы № 72-73 сандарында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес 840-950 жолдарымен толықтырылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.М.Чженге жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
әкімдігіне қаулысына қосымша 2009 жылғы 27 қазандағы № 285
2009 жылы жекешелендіруге жататын Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарының тізбесіне енгізілетін қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|