Қоғам қауіптілік деңгейі жоғары, аса ауыр қылмысты арақ ішіп мас күйлерінде жасалғандарға қатысты шығарған Атырау облыстық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы төрағалық Ү етуші судьяның, алқа мүшелері — судьялардың, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісінің, қорғаушы Б.-ның. жәбірленуші Б.-ның қатысуларымен өткен ашық сот мәжілісінде Атырау облыстық сотының 2008 жылғы 6 қазандағы үкіміне сотталушылар мен олардың қорғаушыларының келтірген апелляциялық шағымдары бойынша түскен қылмыстық істі қарады. Аталған үкіммен Т., 1989 жылы 23 қаңтарда Гурьев облысы Индер селосында туған, қазақ, бұрын сотталмаған, орта білімді, - ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «ж», «м» тармақтарымен 15 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 175-бабы 1 бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес, осы қылмыстардың жиынтығымен жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасының мерзімі 2007 жылғы 9 қазаннан бастап есептеліп, қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған; К., 1988 жылы 15 маусымда Гурьев облысы Индер селосында туған, қазақ, бұрын сотталмаған, орта білімді, - ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен 15 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 183-бабы 1-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде 58 400 теңге айыппұл салынған, ҚК-нің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес, осы қылмыстардың жиынтығымен жазаларды толық қосу жолымен түпкілікті 50 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде 58 400 теңге айыппұл салуымен 15 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасының мерзімі 2007 жылғы 12 қазаннан бастап есептеліп, қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|