|
|
|
А.Б. Майтиев пен Г.Т. Мүсенованы Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, транзиттің бәсекелес жағдайларын қамтамасыз ететін магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды транзиттік тасымалдауға арналған тарифтердің деңгейін белгілеу мәселесі бойынша келіссөздерге қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдар және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу департаменті директорының орынбасары Азамат Бақдәулетұлы Майтиев пен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті мұнайды тасымалдау мониторингі және жаңа мұнай жобаларын дамыту басқармасының сарапшысы Гүлжан Тастемқызы Мүсенова 2009 жылғы 9 - 12 қараша кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі А.Б. Майтиев пен Г.Т. Мүсеноваға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |