|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Бішкек қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және 2009 жылғы 16 маусымдағы қазақстан-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысы хаттамасының 7-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 17 - 19 қараша кезеңіне Бішкек қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Бішкек - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 1818 қаулысына қосымша
Бішкек қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |