|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 89 Қаулысымен бекітілді 2010 жылғы 7 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі, екі жақты қатынастарды дамытуға ниет білдіре отырып, қазіргі бар достық қатынастарды нығайтудағы мүдделілікті қарай отырып және бір Тарап азаматтарының екінші Тараптың аумағына сапарларын жеңілдету мақсатында төмендегілер туралы келісті:
Жарамды дипломаттық паспорттары бар және екінші Тарап мемлекетінің аумағында аккредиттелмеген бірінші Тарап мемлекетінің азаматтары осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіру, транзитпен өту, болу немесе кету үшін қабылдаушы мемлекеттің аумағына алғашқы келген күнінен бастап (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Шенген кеңістігіне алғашқы келген күнінен бастап) 6 (алты) ай ішінде 90 (тоқсан) күнге дейінгі кезеңге (бір немесе бірнеше мәртелік) визалық талаптардан босатылады.
Осы Келісім дипломатиялық миссиялардың, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың өкілдерін және жарамды дипломаттық паспорттары бар олардың отбасы мүшелерін қабылдаушы мемлекетте аккредиттеу үшін виза алу қажеттілігінен босатпайды. Аккредиттелгеннен кейін аталған азаматтар өздері тағайындалған кезең ішінде қабылдаушы мемлекет аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, бола алады және кете алады.
Осы Келісімнің 1 және 2-баптарында аталған дипломаттық паспорттары бар әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары халықаралық қатынас үшін ашық шекараны кесіп өтетін барлық пункттер арқылы екінші Тарап мемлекетінің аумағына келе алады, одан кете алады.
Осы Келісімнің 1 және 2-баптарында аталған әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары қабылдаушы мемлекеттің заңнамасын құрметтеуге міндетті.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімге сәйкес болуы қолайсыз деп танылған адамдардың қабылдаушы мемлекеттің аумағына келуінен немесе онда болуынан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті немесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады. Екінші Тарап осы Келісімді тоқтата тұру туралы мұндай шешім күшіне енгенге дейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы хабардар етіледі. Келісімнің қолданылуын тоқтата тұру Келісімнің 1 және 2-баптарында аталған, қабылдаушы мемлекеттің аумағындағы азаматтардың құқықтарын қозғамайды.
Тараптар осы Келісім күшіне енгенге дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы жарамды дипломаттық паспорттардың үлгілерімен алмасады. Дипломаттық паспорттарға қатысты өзгерістер туралы Тараптар көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін 30 (отыз) күннен кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі хабардар етеді, сондай-ақ жаңа паспорттардың үлгілерімен алмасады.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамамен немесе оның ажырамас бөліктері болып табылатын дипломатиялық ноталар алмасумен ресімделетін арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндірудегі кез келген келіспеушіліктер немесе даулар Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер арқылы шешілетін болады.
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың-бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап 3 (үш) ай өткенге дейін күшінде қалады.
2009 жылғы 5 қазанда Рим қаласында қазақ, италия, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |