Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 77 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Сауда атауы Назол Бэби Халықаралық патенттелмеген атауы Фенилэфрин Дәрілік түрі Мұрынға арналған тамшыларҚұрамы Ерітіндінің 1мл мыналар бар белсенді зат - фенилэфрин гидрохлориді 1,25мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді, глицерол, макроголь 1500 динатрий фосфатының дигидраты, калий дигидрофосфаты, динатрий эдетаты, тазартылған су. Сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе ашық-сары түсті сұйықтық. Фармакотерапиялық тобы Мұрын ауруларын емдеу үшін арналған препараттар. Деконгестанттар мен жергілікті қолдануға арналған басқадай препапараттар. Симпатомиметиктер. Код АТЖ R01AA04 Фармакологиялық қасиеттері Фенилэфрин гидрохлориді a-адренергиялық рецепторларының агонисі болып табылады (симпатомиметик), ол тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарында a-рецепторларды көтермелеу есебінен тамыр тарылтқыш әсер етеді. Клиникалық тұрғыдан алып қарағанда, фенилэфрин тіндердің шырышты қабықтарының домбығуы мен гиперемиясын азайтады, мұрын маңындағы ісік және іркіліс құбылыстарын жұмсартады, сондай-ақ мүрын-тыныс жолдарының өткізгіштігін жақсартады. Грицерол мұрынның шырышты қабықшасын аса құрғауынан сақтайды. Қолдану көрсеткіштері Суық тию ауруларында, тұмауда, сенна қызбасында немесе жоғарғы тыныс жолдарының жедел ринитпен немесе синуситпен жалғасатын өзге де аллергиялық ауруларында, жедел ортаңғы отитте (қосалқы дәрі ретінде) мұрын арқылы тыныстауды жеңілдету үшін. Қолдану тәсілдері және дозасы Төменгі жағын жоғары қаратып ұстап, құтыны сәл басу керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|