Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 203 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Некстрим Плюс
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 300 мг ацетилсалицил қышқылы 50 мг кофеин, қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза.
Сипаттамасы Ақ, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар, бір жағынан P/GRYPIE деген жазу ойылып жазылған.
Фармакотерапиялық тобы Анальгетик-антипиретиктер. Ацетилсалицил қышқылы басқа препараттармен біріктірілген. АТЖ коды N02BA51
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Таблетканы судың аздаған мөлшерінде еріткеннен кейін препарат ас қорыту жолдарынан тез сіңеді. Препаратты қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң әсер ете бастайды, ал ең жоғары әсері 1 - 3 сағаттан соң байқалады және бір реттік дозаны қолданғаннан кейін 3- 6 сағат бойы сақталады. Бүйрек қызметі қалыпты науқастарда бір реттік дозаның 80-100%-ы несеппен 24 - 72 сағат бойы шығарылады. Фармакодинамикасы Препарат ауыруды басушы, ыстықты басушы және психостимулирлеуші әсер етеді. Ацетилсалицил қышқылының ауыруды, ыстықты басатын және қабынуға қарсы әсері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Кофеин ұйқышылдықты және шаршағандық сезімін азайтады, ми және дене жұмысына қабілеттілікті арттырады, жүрек жиырылуының жиілігін арттырады, артериялды гипотонияда артериялдық қысымды арттырады. Ацетилсалицил қышқылының әсер ету механизмі тіндердегі арахидон қышқылынан туындайтын аралық қосылыстардың (эндоперекистері) пайда болуын үдететін циклооксигеназа - энзимінің қайтымсыз ацетилирленуі және белсенділігінің төмендеуінің нәтижесінде простагландиндер синтезін тежеуге байланысты. Ацетилсалицил қышқылының ыстықты басатын әсері орталық жүйке жүйесінде простагландиндер синтезінің тежелуіне негізделген. Ацетилсалицил қышқылы сондай-ақ тромбоциттер агрегациясын тежейді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|