Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2007 жылғы 1 қазандағы № 168 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
Саудалық атауы Лаксигал
Халықаралық патенттелмеген атауы Натрий пикосульфаты
Дәрілік түрі Ішуге арналған 10 мл, 25 мл тамшы
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: натрий пикосульфаты 0,0075 г, қосымша заттар: натрий этилпарабені, сорбитолдың 70% ерітіндісі, 37% тұз қышқылы, тазартылған су.
Сипаттамасы Аздаған сарғыш-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы Жанаспалы әсері бар іш жібіткіш дәрі. АТЖ коды А06АВ08
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Әсер етуші зат - натрий пикосульфаты, гидрофильді зат сияқты ішектің липофильді жарғақшалары арқылы өте нашар сіңеді. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан мен ащы ішек арқылы өзгермеген түрде өте тез жүреді. 3 сағаттан соң тоқ ішекке қабылданған препараттың 70%-ға жуығы түседі. Онда бактериялық микрофлорамен натрий пикосульфатының гидролизі жүреді. Липофилин метаболиті биологиялық жарғақша арқылы өтеді. Жиырылудың күшеюі нәтижесінде нәжіс массасы тоқ ішектен тез шығарылады. 12 сағаттан соң қабылдаған дозаның 8%-ы ғана тоқ ішекте болады. 72 сағат өткен соң натрий пикосульфаты метаболит түрінде дәрінің 21% несеппен және 72% нәжіспен шығарылады
Фармакодинамикасы Іш жібіткіш препарат. Натрий пикосульфаты тоқ ішек деңгейінде ішек микрофлорасының әсер етуі арқылы, еркін дифенолдың белсенді түрін түзіле отырып гидролизденеді. Дифенол тоқ ішектің шырышты қабығының рецепторларын тітіркендіріп оны жиырылуын күшейтеді.
Қолданылуы Ішек босатылуын жеңілдету үшін: - гипотониямен және ішек жиырылуының әлсіздігінен туатын ішқатуда (тамақтану сипатын өзгерткен кезде, тұрған орнын өзгерткенде, операциядан кейінгі кезде, ұзақ төсек тартып жатқанда) - проктитте, геморройда, тік ішектің сызатында - хирургиялық операцияларға, рентгендік немесе эндоскопиялық зерттеулерге дайындауда Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|