Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 18 мамырдағы № 81 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған
Саудалық атауы Ламептил®
Халықаралық патенттелмеген атауы Ламотриджин
Дәрілік түрі Диспергирленетін 25 мг, 50 мг, 100 мг және 200 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 25 мг, 50 мг, 100 мг және 200 мг ламотриджин, қосымша заттар: микрокристалдық целлюлоза, повидон К 30, натрий крахмал гликоляты, гидроксипропилцеллюлоза, натрий сахарині, ұнтақ қара қарақат хош иістендіргіш зат (отдушка), магний стеараты, коллоидты сусыз кремний қос тотығы.
Сипаттамасы Диспергирленетін 25 мг, 50 мг, 100 мг және 200 мг таблеткалар: ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ, кертілген жиегі бар дөңгелек, қара қарақат иісті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Қояншыққа қарсы басқадай препараттар АТЖ коды N03АХ09
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ламотриджин ішектен тез және толық сіңеді. Ішке қабылдағаннан кейін плазмада ең жоғары қанығу деңгейіне 2,5 сағаттан кейін жетеді. Ас қабылдағаннан кейін плазмада ең жоғары қанығу деңгейіне жету бәсеңдейді, бірақ сіңу деңгейі өзгермейді. Фармакокинетикасы өте жақсы зерттелген 450 мг-ға дейінгі дозаны қабылдаған кезде тізбекті профильге ие. Ламотриджин қан плазмасы ақуызымен 55% байланысады, мұндайда қояншыққа қарсы басқа препараттардың ақуыздармен байланысуына ықпалын тигізбейді. Ересек адамдарда жартылай шығарылуының орташа кезеңі - 24-35 сағат. Клиренс мәні және жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес. Ламотриджин глюкуронид түрінде несеппен бірге шығарылады. Препараттың 10%-дан азы несеппен бірге өзгермеген күйінде және 2%-ға жуығы нәжіспен бірге шығарылады. Фармакодинамикасы Ламотриджин қояншыққа қарсы дәрі болып табылады. Ламотриджин потенциал-тәуелді натрий өзекшелерін бөгейді, сөйтіп нейрондардың мембраналарын тұрақтандырады және қояншық ұстамаларының дамуында негізгі рөл атқаратын нейромедиаторлардың, әсіресе глутаматтың (глутамин қышқылы) патологиялық босанып шығуына жол бермейді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|