Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 6 қарашадағы № 195 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Нироцеф-125™
Халықаралық патенттелмеген атауы Цефдинир
Дәрілік түрі Ішілетін суспензия әзірлеуге арналған ұнтақ, 125 мг/5 мл
Құрамы 5 мл әзірленген суспензияның құрамында белсенді зат - 125 мг цефдинир, қосымша заттар: сахароза, лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, натрий бензоаты, коллоидты сусыз кремний, ксантан камеді, натрий-карбоксиметилцеллюлоза, құлпынай хош иістендіргіш заты, магний стеараты, күрең қызыл бояғыш заты.
Сипаттамасы Ақ түсті дерлік, сусымалы ұнтақ, 30 мл-ге дейінгі суда еріткеннен кейін қызғылт түсті хош иісті суспензия алынады.
Фармакотерапиялық тобы Микробқа қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Басқа бета-лактамды антибиотиктер. Үшінші буындағы цефалоспориндер. АТЖ коды J01DD15
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Сіңуі: цефдинир ең жоғары қанығу деңгейіне оны ішке қабылдағаннан кейін 2-4 сағаттан соң жетеді. Цефдинирдің плазмалық қанығу деңгейі дозаны арттырған кезде жоғарылайды, бірақ 300 мг-нан бастап (7 мг/кг) 600 мг-ға дейін (14 мг/кг) қанығу деңгейі дозаны арттыруға аз пропорционал. Цефдинир суспензиясының толық биожетімділігі 25%-ды құрайды. Цефдинир суспензиясының биожетімділігі капсулаларымен салыстырғанда 120%-ды құрайды. Цефдинирді ас қабылдауға қарамай-ақ қабылдай беруге болады. Таралуы: цефдинирдің ересектерде таралуының орташа көлемі - шамамен 0,35 л/кг; балаларда (6 айлықтан 12 жасқа дейін) - шамамен 0,67 л/кг. Цефдинир плазма ақуыздарымен 60-70% байланысады, байланысу препарат концентрациясына байланысты емес. Препарат тері күлбіреуіктерінің сұйықтығына, бадамша без, синус, өкпе тіндеріне және ортаңғы құлаққа жақсы таралады. Цефдинирдің жұлын сұйықтығына енуі туралы деректер жоқ. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|