Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы № 102 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттарды қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Nitromint
Халықаралық патенттелмеген атауы Нитроглицерин
Дәрілік түрі Аэрозоль
Құрамы Бір доза аэрозоль құрамында белсенді зат - 0,4 мг нитроглицерин, қосымша заттар: этанол, пропиленгликоль. Бір баллонның (10 г) ішінде 180 доза бар.
Сипаттамасы Бүріккіш басы бар дозалаушы сорғысымен қамтамасыз етілген, металл баллонға толтырылған түссіз немесе түссіз дерлік мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы Жүрек ауруларын емдеу үшін қолданылатын шеткергі вазодилататорлар. Органикалық нитраттар. АТЖ коды C01DA02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Нитроглицеринді тіласты қолданған кезде ауыз қуысынан жылдам сіңеді және алдын-ала бауыр арқылы өтпестен қан ағымы жүйесіне түседі. Биожетімділігі орта есеппен 39%-ды құрайды және әртүрлі емделушілер мен бір емделушіге көп рет енгізген кезде елеулі құбылмалы қасиетке ие. Нитроглицериннің әсері жылдам басталады, әсері 1-1,5 минут ішінде дамиды және 30 минутқа жуық созылады. Қан плазмасында ең жоғарғы қанығу деңгейіне 4 минуттан кейін жетеді. Препаратты тіл астына қойып қабылдағаннан кейін қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 2,5-4,4 минутты құрайды. Айналымдағы нитроглицерин эритроциттермен тығыз байланысқан және тамыр кенерелерінде жинақталады. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысы 60% құрайды. Нитроглицериннің шығарылуының негізгі жолы - метаболиттері несеппен бірге шығарылып, енгізілген дозаның 1%-ы өзгермеген түрде шығарылады. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|