Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 9 қарашадағы № 16 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Норвир
Халықаралық патенттелмеген атауы Ритонавир
Дәрілік түрі Жұмсақ капсулалар, 100 мг
Құрамы Бір капсулада белсенді зат - 100 мг ритонавир, қосымша заттар: этанол, бутилгидрокситолуол (Е312), олеин қышқылы, полиоксил 35 (майсана майы), тазартылған су, қабықтың құрамы: желатин, арнайы сорбит, глицерин, титанның қос тотығы, ортатізбекті каприл және каприн қышқылының триглицеридтері, лецитин, қара сия 7878.
Сипаттамасы Фирманың қара түсті сиямен жазылған «Abbott», «100», «DS» деген саудалық таңбасы бар, ақ түсті жұмсақ желатин капсулалар. Капсуланың ішіндегісі - бөлшектері жоқ түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін дәрілер. НІV-протеаза тежегіштері АТЖ коды J05AE03
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ритонавирдің сіңуі 60-80%-ды құрайды. Ең жоғары қанығу деңгейіне (Тmах) 3 сағаттан кейін жетеді. Орташа бүйректік клиренсі сағатына 0,1 л-ден азды құрайды. Ритонавирдің ашқарынға сіңу дәрежесі, тамақпен бірге қолданған кездегіден 12% жоғары. Тағам ритонавир капсулаларының биожетімділігін төмендетеді. Ритонавирдің 100 мг бірреттік дозасын майлылығы орташа немесе өте майлы аспен бірге қолдану ритонавирдің АUС-ң (концентрация-уақыт астындағы қисық) және Сmах-ң (ең жоғары концентрация) 20-23%-ға төмендеуімен қоса қабаттасады. Ритонавирдің жартылай ыдырау кезеңі (Т ½ ) - 3-5 сағат. Тәулігіне 600 мг дозадағы клиренсі орта есеппен алғанда сағатына 8,8 +/-3,2 л құрайды. 600 мг бір дозасын қабылдағаннан кейін ритонавирдің таралу көлемі (VB/F) әр кг дене салмағына шаққанда 0,41+/-0,25 л шегінде болады. Ритонавирдің плазма ақуыздарымен жалпы байланысуы 1-ден 100 мкг/мл-ге дейінгі концентрациямен тұрақты болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|