Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 4 шілдедегі № 118 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы ОвестинÒ Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)ЭстриолДәрілік түріҚынаптық суппозиторийлер. ҚұрамыБелсенді зат: Эстриол………………………….0,5 мг Қосымша зат: витепсол S58 СипаттамасыТорпеда түріндегі, ашық-крем түске дейінгі ақ суппозиторийлер. Фармакотерапиялық тобыТабиғи және жартылай синтетикалық эстрогендер, бір компонентті препараттар. АТЖ коды G03CA04
Фармакологиялық қасиеттері Фармакодинамикасы Овестин препаратының құрамында әйелдің табиғи гормоны эстриол бар. Ол етеккір үзілісі бар әйелдерде эстрогендер түзу қабілеті жойылуының орнын толтырады және етеккір үзілісінің белгілерін бәсеңдетеді. Эстриол әсіресе несепжыныс симптомдарын емдеуде тиімді. Эстриол қан ағысына түсе отырып, жатырда, қынапта, зәр шығару өзегінде, сүт безінде, бауырда, гипоталамуста, гипофизде спецификалық рецепторлармен кешен құрады, ДНҚ мен протеиндер синтезін көтермелейді. Несеп жолы төменгі бөлімдері шырышты қабығының атрофиясы жағдайында эстриол несепжыныс жолы эпителийінің қалпына келуін тудырады және қынапта қалыпты микрофлора мен физиологиялық рН қалпына келуіне ықпал етеді. Соның нәтижесінде ол диспареуния, құрғақтық, қышыма, қынаптық инфекциялар мен несеп жолы инфекцияларына қынаптық шағынуларды, зәр ағуына және әлсіз байқалған несеп ұстамауына байланысты шағымдарды төмендете отырып, несеп-жыныс жолы эпителиальдық жасушаларының инфекцияға және қабынуға қарсылығын арттырады. Басқа эстрогендерден ерекшелігі сол, эстриол қысқа әсер ету кезеңіне ие, өйткені эндометрий жасушаларының ядроларында ол тек қысқа уақыт кезеңінде ғана сақталады. Сондықтан бір реткі тәуліктік дозаның толық енгізілуі эндометрий пролиферациясын тудырмайды деп жорамалданады. Соған орай прогестагенді циклды енгізу талап етілмейді және тоқтатудың етеккір үзілісінен кейінгі қан кетулері туындамайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|