Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 293 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Окситоцин-Рихтер
Халықаралық патенттелмеген атауы Окситоцин
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған ерітінді
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 5 ХБ окситоцин, қосымша заттар: мұз сірке қышқылы, хлорбутанол полугидраты, этанол (96%), инъекцияға арналған су
Сипаттамасы Түссіз, мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Окситоцин және оның аналогтары АТЖ коды Н01BB02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Көктамырішіне енгізген кезде окситоциннің жатырға әсері тез арада білінеді және бір сағат бойы созылады. Бұлшықетішіне енгізген кезде миотоникалық әсері алғашқы 3-7 минутта басталады және 2-3 сағатқа созылады. Вазопрессин сияқты, окситоцин жасушадан тыс кеңістіктің барлық жеріне таралады. Окситоциннің аздаған мөлшері, сірә, ұрықтың қан айналымына келіп түседі. Окситоциннің жартылай ыдырау уақыты 1-6 минутты құрайды, ол жүктіліктің соңғы кезеңінде және лактация кезеңінде қысқа болады. Препараттың көп бөлігі бауырда және бүйректерде ыдырайды. Энзимдік гидролиз үдерісінде окситоцин, негізінен, тін окситоциназасының әсерінен әсерсізденеді (окситоцин плацентада және плазмада болады). Окситоциннің тек аздаған мөлшері ғана өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады. Фармакодинамикасы Окситоцин-Рихтердің клинико-фармакологиялық қасиеттері гипофиздің артқы бөлігіндегі эндогендік окситоциннің қасиеттеріне ұқсас. Жатыр бұлшықетінде окситоцинге сезімтал G-протеинтәуелді рецепторлары туысының рецепторлары бар. Жүктіліктің даму барысында окситоцин рецепторларының мөлшері және жатырдың оған сезімталдығы артады және жүктіліктің соңында өзінің ең жоғары шегіне жетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|