Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қарашадағы № 1806 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 353 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2005 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Тортаев Бауыржан Қадырұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Инвестициялық саясат департаментінің директоры; |
мына:
«Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмысы департаментінің директоры, хатшы |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры, хатшы |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы»; |
көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхияқызы, Құсайынов Марат Әпсеметұлы, Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, Парсегов Борис Анатольевич, Қиынов Ләззат Кетебайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |