|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 3-тармақ «Осы қаулы» деген сөздерден кейін «2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізелетін өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының 8-тармағын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |