Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 3 шілдедегі № 226 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Препараттың саудалық атауы Онкаспар®
Халықаралық патенттелмеген атауы Пэгаспаргаза
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған 5 мл ерітінді
Құрамы 5 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат: 3750 ХБ пэг-L-аспарагиназа бар. Қосымша заттар: натрий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфаты, натрийхлориді, инъекцияға арналған су бар.
Сипаттамасы Түссіз мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Ісікке қарсы басқадай препараттар АТЖ коды L01XX24
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Лейкоздармен және лимфомалармен ауратын ересектерде көктамырға енгізгеннен кейінгі L-аспарагиназаның қан плазмасындағы бастапқы деңгейлері енгізілген дозаға байланысты болады. Көктамырға енгізген кездегі Онкаспардың жартылай шығарылу кезеңі 315-588 сағатты (орташа 14,9 күнді) құрайды. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңіне дозасы немесе енгізу жиілігі, жасы, жынысы, дене аумағы, бауыр мен бүйрек қызметі, диагноз бен сырқаттың ауырлығы ықпал етпейді. Таралуының шынайы көлемі плазманың анықталған көлеміне бара-бар болады. Тікелей бір сағаттық инфузиялаудан кейін аспаргинат анықталмаған, ал плазмадағы L-аспарагиназаның анықталған деңгейі Онкаспарды бірінші енгізуден кейін кемінде 15 минут өтісімен-ақ анықталады. Ферментнесептен табыламайды. Фармакодинамикасы Онкаспар - ісікке қарсы препарат, цитостатикалық әсер етеді. Препараттың әсер етуші заты пегаспаргаза L-аспарагиннің гидролизін L-аспаратин қышқылына және аммиакқа дейін катклиздейді, осылайша, лейкемиялық ісік жасушаларындағы L-аспарагин деңгейін төмендетеді. L-аспарагин тапшылығының нәтижесінде осы жасушалардағы ақуыздың синтезі бұзылады. L-аспарагиназаның тежегіш белсенділігінің ең жоғары деңгейге жетуі лейкемиялық жасушалар жасушалық циклының митотикалықтан кейінгі G1-фазасына дөп келеді.
Қоданылуы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|