Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 20 маусымдағы № 146 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Ішу арқылы қабылданатын регидратациялық тұз
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Ұнтақ
Құрамы Белсенді заттары: 20,0 г сусыз глюкоза, 3,5 г натрий хлориді, 1,5 г калий хлориді, 2,9 г натрий цитраты
Сипаттамасы Ақ түсті ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы Іш өтуге қарсы препараттар. Ішіп қабылдауға арналған регидранттар. АТЖ коды А07СА
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Нефронда натрий едәуір көбірек қайта сіңірілуімен сипатталады, өйткені алғашқы несепте болатын еріген заттардың 4/5 бөлігі натрий тұзы. Бүйректердің концентрациялық қабілеті және глюкоза мен амин қышқылдарының белсенді тасымалы осы қайта сіңірілуге байланысты болады. Сүзілуден өткен натрийдің көп бөлігі (99%) қайта сіңіледі, әрі осы сіңілудің 2/3 бөлігі проксимальды өзекшеде жүзеге асады. Үдеріс энергетикалық тұрғыдан тәуелді болып табылады және натрийдің 1/3 бөлігінің сіңірілуін қамтамасыз етеді. Қалған 2/3 бөлігі проксимальды өзекшенің жасушаішілік біршама кеңірек кеңістігі арқылы тасымалданады. Калийдің организмнен бөлініп шығуы, негізінен, бүйректер арқылы (90%) жүзеге асырылады. Калий проксимальды өзекшеде алғашқы несептен толық сіңіледі және дистальды және жиналатын өзекшелерде, организмнің қажеттілігіне қарай, секрецияланады. Құрамында калий жоқ сөлініс тәулігіне 10 ммольге дейінді құрауы, ал артық болған кезде 30 есеге дейін артуы мүмкін. Қайта сіңілген кезде мұндай тәуелділік болмайды. Дистальды өзекшеде сөлініс жасуша ішіндегі қанығу деңгейіне тікелей тәуелділікте болады және екі механизм бойынша іске асады: контралуменарлы орналасқан Nа-К-АТФ-азаның жәрдемімен және луменарлы орналасқан мембранада К+-Н+-иондары насосының жәрдемімен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|