Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 142 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Орхидол
Халықаралық патенттелмеген атауы Трамадол
Дәрілік түрі Инъекцияға арналған 50 мг/мл ерітінді
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 50 мг трамадолға барабар трамадол гидрохлориді (стерильді), қосымша заттар: натрий ацетаты, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы Механикалық қоспалары жоқ мөлдір, түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Анальгетиктер. Басқадай опиоидтар АТЖ коды N02AX02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Бұлшық ет ішіне енгізгеннен кейін трамадол енгізген жерден тез және толық сіңледі. Қан плазмасында ең жоғары қанығу деңгейіне (Сmax) 45 минуттан кейін жетеді. Мұндай кездегі биожетімділігі - 100% дерлік. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 20%. Трамадол тіндерге кеңінен таралады, таралу көлемі (Vd) - әр кг дене салмағына шаққанда 2,7 л. Трамадол гематоэнцефалиялық және плацентарлы бөгеттер арқылы өтеді, емшек сүтімен бірге аздаған мөлшерде бөлініп шығады (0,02-0,1%). N- және O-деметилдену және 11 метаболитке дейін конъюгациялану арқылы өзгеріске ұшырайды, олардың ішінен тек О-деметилтрамадолдың ғана айқын фармакологиялық белсенділігі бар. Трамадол және оның метаболиттері бүйректер арқылы (90%-ға дейін) және ішек арқылы (10%) шығарылады. Трамадолдың жартылай шығарылу кезеңі (Т½) - 63 сағат, О-деметилтрамадолдікі - 7,4 сағат. 75 жастан асқан емделушілерде Т½ 7 сағатқа дейін артады. Бауыр циррозына шалдыққан науқастарда трамадолдың Т½ - 13 сағат, О-деметилтрамадолдікі - 19 сағат. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда Т½ артады және креатинин клиренсі минутына 10 - 30 мл болған кезде трамадолда 10,5 сағатты, О-деметилтрамадолда 11,5 сағатты құрайды. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|