Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 85 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Офлоксацин
Халықаралық патенттелмеген атауы Офлоксацин
Дәрілік түрі Инфузияға арналған 2 мг/мл ерітінді (0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде)
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - 2 мг офлоксацин, қосымша заттар: натрий хлориді - 9 мг, инъекцияға арналған су - 1 мл-ге дейін.
Сипаттамасы Ашық-сары түсті мөлдір ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Микробқа қарсы дәрі, фторхинолон. АТЖ коды J01MA01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішке қабылдағаннан кейінгі сіңуі тез және толық - 95%. Биожетімділігі - 96% -дан жоғары. 200 мг офлоксацинді бір реттік 60 минуттық инфузиядан кейін орташа ең жоғары плазмалық қанығу деңгейі 2,7 мг/мл құрайды; енгізгеннен кейін 12 сағаттан соң қанығу деңгейі 0,3 мкг/мл-ге теңеледі. Орташа ең жоғары шектегі және өте төмен тепе-тең қанығу деңгейіне 200 мг офлоксацинді 7 күн бойы әрбір 12 сағат сайын көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жетеді және, тиісінше, 2,9 және 0,5 мкг/мл-ді құрайды. Офлоксацин организмнің көптеген сұйықтығына және тіндеріне, оның ішінде сілекейге, бронх секретіне, өтке, көз жасы мен жұлын сұйықтығына, іріңге, өкпелерге. Қуық асты безіне, теріге кеңінен енеді. Офлоксацин бауырда ішінара метаболизмге (5%) ұшырайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 20-25%-ды құрайды. Офлоксациннің жартылай шығарылу кезеңі 6-7 сағатқа тең. Ішке қабылданған препараттың 80% -на дейіні өзгермеген күйінде бүйректер арқылы шығарылады, белсенді заттың аздаған бөлігі де нәжіспен бірге шығарылады. Гемодиализ кезінде препараттың 10-30% -ы жоғалады. Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі 50 мл және одан кем), офлоксациннің жартылай шығарылу кезеңі артады. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|