Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 27 наурыздағы № 40 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Офлоксин
Халықаралық патенттелмеген атауы Офлоксацин
Дәрілік түрі Қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар.
Құрамы Бір таблетканың құрамындабелсенді зат - 400 мг офлоксацин. қосымша заттар: лактоза моногидраты - 190,400 мг; жүгері крахмалы - 95,200 мг; повидон 25 - 24,000 мг; кросповидон - 40,000 мг; полоксамер - 0,400 мг; магний стеараты - 16,000 мг; тальк - 8,000 мг; Қабығы: гипромелоза - 2910/5 - 18,840 мг; макроголь 6000 - 1,060 мг; титан диоксиді - 4,700 мг; тальк - 1,400 мг.
Сипаттамасы Екі жағында бөлуге арналған ойығы және бір жағында «400» бедері бар, қабықпен қапталған, екі беті дөңес сопақша ақ немесе ақ дерлік таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Жүйелі қолдануға арналған микробқа қарсы дәрі. Хинолон туындысы. АТЖ коды J01MA01
Фармакологилық қасиеттері Фармакодинамикасы Офлоксин - микробқа қарсы кең ауқымды әсер ететін фторхинолондар тобындағы дәрі, жоғары спирализацияны қамтамасыз ететін ДНК-гиразалық бактериялық ферментіне әсер етеді, осылайша ДНК бактериялар тұрақтылығына да әсер етеді (ДНК тізбектерінің тұрақсыздануы олардың жойылуына әкеп соғады). Бактерицидтік әсер байқатады. Бета-лактамазалар мен тез өсіп-өнетін бейтипті микобактериялар түзетін микроорганизмдер жөнінде белсенді. Мыналар сезімтал: Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis, Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Citrobacter, Klebsiella spp. (Klebsiella pneumonia қоса), Enterobacter spp., Hafnia, Proteus spp. (индол-оң және индол-теріс Proteus mirabilis, Proteus vulgaris қоса), Salmonella spp., Shigella spp. (Shigella sonnei қоса), Yersinia enterocolitica, Campilobacter jejuni, Aeromonas hydrophila, Plesiomonas aeruginosa, Vibrio cholerae, Vibrio parahaemolyticus, Haemophilus influenzae, Chlamydia spp., Legionella spp., Serratia spp., Providencia spp., Haemophilus ducreyi, Bordetella parapertussis, Bordetella pertussis, Moraxella catarrhalis, Propionibacterium acnes, Staphylococcus spp., Brucella spp. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|