|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 3 қарашадағы № 266 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауыПАН IVPAN IV
Халықаралық патенттелмеген атауы Пантопразол
Дәрілік түрі Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 40 мг ұнтақ
Құрамы Белсенді зат - пантопразол ………………………… 40 мг (натрий пантопразолы түрінде), Қосымша заттар: маннитол.
Сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік лиофилизденген ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы Протон сорғысының тежегіші АТЖ коды А02ВС02
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Сіңуі: пантопразол ішектен жылдам және толықтай дерлік сіңеді. Ішу арқылы қабылдағанда пантопразол қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді және 5,53 мкг/мл-ні құрайды. Таралу көлемі шамамен 0,15 л/кг-ні, клиренсі - шамамен 0,1 л/кг-ні құрайды. Пантопразолдың қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы шамамен 98%-ды құрайды. Шығарылуы және метаболизмі: пантопразол бауырда толықтай дерлік метаболизденеді. Негізгі метаболиті дезметилпантопразол сульфаты боп саналады. Препараттың шамамен 80%-ы бүйрек арқылы, ал қалған бөлігі нәжіспен шығарылады. Негізгі метаболиттің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1,5 сағатты, пантопразолдікі - шамамен 1 сағатты құрайды. Фармакодинамикасы H+-K+-АТФ-аза тежегіші. Асқазандағы тұз қышқылы сөлінісінің базальді және көтермеленген (тітіркендіргіш түріне байланыссыз) деңгейін төмендетеді. Таңдамалылығы ПАН-ның тек белгілі бір қышқылдық деңгейінде (рН < 3) әсер етуімен түсіндіріледі. Helicobacter pylori-мен астасқан он екі елі ішектің ойық жара ауруында, асқазан сөлінісі деңгейінің мұндай төмендеуі микроорганизмдердің антибиотиктерге деген сезімталдығын арттырады. ПАН-ның Helicobacter pylori-ге қатысты микробтарға қарсы белсенділігі бар.
Қолданылуы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|