|
|
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен заттай нормаларын бекіту туралы (2009.04.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 185 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі: 1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешек кию ережесін әзірлесін және бекітсін; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) жаңа нысанды және арнайы киім-кешекпен жабдықтауға көшуді тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырсын. 3. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын, ішкі әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің нормалары және тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53қбү қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 4-қосымшадағы № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12 нормалар алынып тасталсын. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киім-кешектің жаңа үлгілеріне көшуі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 43 қаулысы; 3) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі аға, орта және кіші басшы құрамының погондары бар нысанды киімі (киім-кешегі) туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 6 қазандағы № 1028 қаулысы. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен «жүн» және «балағын сыртқа шығарып киетін» деген сөздер алынып тасталды «камуфляж түстес» деген сөздер «камуфляж түстес» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жоғары басшы құрамының (генералдардың) киім нысаны
1. Парадтық киім нысаны: 1) жазғы: қара көк түсті парадтық матадан тігілген фуражка; қара көк түсті парадтық матадан тігілген мундир; қара көк түсті матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; алтын түсті аксельбант; парадтық белдік; ақ түсті биялай; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген папаха; сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық-салтанаттық сұрғылт көк түсті матадан тігілген пальто; сұрғылт көк түсті маусымдық плащ; қара көк түсті парадтық матадан тігілген мундир; қара көк түсті матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром етік; алтын түсті аксельбант; парадтық белдік; ақ түсті биялай; ақ түсті бөкебай. 2. Парадтық-салтанаттық киім нысаны: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) жазғы: сарғыш түсті парадтық-салтанаттық матадан тігілген фуражка; сарғыш түсті парадтық-салтанаттық матадан тігілген мундир және шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; «Генерал жұлдызы» нышандық белгісі; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; ақ түсті биялай; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: табиғи қаракөл терісінен тігілген сұр түсті папаха; сұр түсті қаракөл жағасы бар сұрғылт көк түсті парадтық-салтанаттық матадан тігілген пальто; сұрғылт көк түсті маусымдық плащ және шалбар; қоңыр түсті матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; «Генерал жұлдызы» нышандық белгісі; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром етік; ақ түсті биялай; ақ түсті бөкебай. 3. Күнделікті киім нысаны: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) жазғы: күнделікті көк жасыл түсті матадан тігілген фуражка; күнделікті көк жасыл түсті матадан тігілген китель; көк жасыл түсті матадан тігілген шалбар; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; көк жасыл түсті костюм жиынтығы; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: табиғи қаракөл терісінен тігілген сұр түсті құлақшын; үлбір жағасы бар күнделікті қара түсті былғары пальто; сұр түсті қаракөл жағасы бар қара түсті былғары пальто немесе қаракөл жағасы бар жылы күрте; сүрғылт көк түсті маусымдық плащ; күнделікті көк жасыл түсті матадан тігілген китель; көк жасыл түсті матадан тігілген шалбар; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты жылы хром етік; қара түсті былғары биялай; қара түсті бөкебай. 4. Арнайы киім нысаны: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) жазғы: камуфляж түстес кепка; камуфляж түстес жазғы костюм жиынтығы; ұзын қонышты хром бәтеңке; былғары жарақ; камуфляж түстес плащ-жамылғы; жорықтық сөмке; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген құлақшын; сұр түсті қаракөл жағасы бар камуфляж түстес қысқы костюм жиынтығы; үлбірі бар ұзын қонышты жылы бәтеңке; жарақ немесе жарақсыз; былғары биялай; жорықтық сөмке; камуфляж түстес бөкебай.
ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің (генералдардан басқа) киім нысаны
1. Ішкі істер органдарының барлық санаттағы қызметтері қызметкерлерінің парадтық-салтанаттық киім нысаны: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) жазғы: ақсұр түсті парадтық-салтанаттық матадан тігілген фуражка; ақсұр түсті парадтық-салтанаттық матадан тігілген мундир; көк жасыл түсті матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; ақ түсті биялай; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; парадтық белдік немесе белдіксіз; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; алтын түсті аксельбант; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: қара түсті (полковниктер үшін табиғи қаракөлден тігілген сұр түсті) құлақшын; қара түсті үлбір жағасы бар (полковниктер үшін сұр түсті қаракөл жағасы бар) парадтық-салтанаттық қара түсті матадан тігілген пальто; ашық көк түсті салтанаттық-парадтық матадан тігілген мундир; көк жасыл түсті матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті биялай; қара түсті қысқа қонышты жылы хром бәтеңке; ақ түсті бөкебай. 2. Ішкі істер органдары басқармаларының аппараттары қызметкерлерінің (қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдарының қызметкерлерінен басқа) күнделікті киім нысаны: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) жазғы: күнделікті көк жасыл түсті матадан тігілген фуражка; көк жасыл түсті матадан тігілген пилотка; күнделікті көк жасыл түсті матадан тігілген китель; көк жасыл түсті матадан тігілген шалбар; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; күміс түсті желбей күрте; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; күнделікті киетін көк жасыл түсті күрте; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: қара түсті (полковниктер үшін табиғи қаракөлден тігілген сұр түсті) құлақшын; қара түсті үлбір жағасы бар (полковниктер үшін сұр түсті табиғи қаракөл жағасы бар) қара түсті жылы күрте; қара түсті маусымдық плащ; күнделікті көк жасыл түсті матадан тігілген китель; көк жасыл түсті матадан тігілген шалбар; қара көк түсті нен тоқылған жемпір; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; қара түсті бөкебай; қара түсті былғары биялай; қара түсті шалбарға тағатын белбеу; қара түсті қысқа қонышты жылы хром бәтеңке. күнделікті киетін кек жасыл түсті күрте. ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен ескертпе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ескертпе: ішкі істер органдарының басқармалары аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының, көліктегі ішкі істер департаменттерінің басқармалары аппараттарының, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, желілік ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының тұрақты құрамы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мекемелерінің орта және аға басшы құрамы жатады. ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдары қызметкерлерінің (жол полициясы қызметкерлерінен басқа), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының ауыспалы аттестатталған құрамының күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: күнделікті киетін көк жасыл түсті фуражка; көк жасыл түсті пилотка; күнделікті киетін көк жасыл түсті китель; көк жасыл түсті шалбар; қызмет өткеруге арналған көк жасыл түсті костюм жиынтығы; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; күміс түсті желбей күрте; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; қара түсті ұзын қонышты хром бәтеңке; былғары жарақ жиынтығы; Мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері мен ішкі істер органдарының бөлімшелерінің және мемлекеттік органдардың ғимараттарын күзетуді жүзеге асыратын ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қосымша ақ түсті аксельбант, ақ түсті биялай және ақ түсті тапанша қабы бар белге тағатын белбеу беріледі; 2) қысқы: қара түсті үлбір (полковниктер үшін сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген) құлақшын; үлбір жағасы бар қара көк түсті жылы костюм; қара түсті үлбір жағасы бар қара түсті маусымдық күрте; күнделікті киетін көк жасыл түсті китель; көк жасыл түсті шалбар; қызмет өткеруге арналған көк жасыл түсті костюм жиынтығы; қара көк түсті жемпір; ақсұр түсті жейделер; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті ұзын қонышты жылы бәтеңке; қара түсті қысқа қонышты жылы хром етік; былғары жарақ жиынтығы; қара түсті биялай; қара түсті бөкебай. ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Жол полициясы қызметкерлерінің күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: күнделікті киетін көк жасыл түсті фуражка; көк жасыл түсті пилотка; күнделікті киетін көк жасыл түсті китель; көк жасыл түсті шалбар; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар, қызмет өткеруге арналған көк жасыл түсті костюм жиынтығы; ақсұр түсті жейделер; ашық көк жасыл түсті галстук; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; ақ түсті биялай; арнайы костюм (қара көк түсті шалбарымен жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар сары түсті желбей күрте); жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар сары түсті сигналдық кеудеше; қара түсті ұзын қонышты бәтеңке; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; қара түсті хром етік; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар ақ түсті жарақ жиынтығы; қара ала түсті былғары костюм жиынтығы (күрте, балағы етіктің ішіне салынатын шалбар); 2) қысқы: қара түсті үлбір (полковниктер үшін сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген) құлақшын; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар үлбір жағасы бар қара көк түсті жылы костюм жиынтығы; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар, қара түсті үлбір жағасы бар маусымдық күрте; қара көк түсті жемпір; күнделікті киетін көк жасыл түсті китель; көк жасыл түсті шалбар; қызмет өткеруге арналған, жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар көк жасыл түсті костюм жиынтығы; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті биялай; қара түсті бөкебай; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар сары түсті сигналдық кеудеше; қара түсті қысқа қонышты жылы хром етік; қара түсті ұзын қонышты жылы бәтеңке; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар ақ түсті жарақ жиынтығы. ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Жұмысқа киетін киім нысаны: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) жазғы: камуфляж түстес кепка; камуфляж түстес жазғы костюм жиынтығы; ұзын қонышты бәтеңке; қара түсті былғары жарақ; қара түсті жұмыс береті; жұмысқа киетін костюм жиынтығы; жаттығу костюм жиынтығы; спорттық аяқ киім; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: қысқы тымақ; камуфляж түстес жылы костюм жиынтығы; ұзын қонышты жылы бәтеңке; былғары жарақ; қара түсті бөкебай; қара түсті биялай; жұмысқа киетін жылы күрте; жұмысқа киетін костюм жиынтығы; жаттығу костюм жиынтығы; спорттық аяқ киім. ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен ескертпе жаңа редакцияда бұр.ред.қара) Ескертпе: қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мыналар: учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар, жол полициясы инспекторлары, кинолог-инспекторлар, патрульдік-күзет қызметінің, көші-қон қызметінің және мемлекеттік мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері, арнайы мекемелердің (уақытша ұстау изоляторларының, қабылдау-тарату орындарының, арнайы қабылдау орындарының, медициналық айықтырғыштардың), айдауылдау қызметтерінің қызметкерлері, жүргізуші-қызметкерлер, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамы жатады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «әйел», «әйелдердің» деген сөздер алынып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің киім нысаны
1. Барлық санаттағы қызметтер үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің парадтық-салтанаттық киім нысаны: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) жазғы: қаңқасы қалыпталып тартылған ақсұр түсті матадан тігілген кепка; ақсұр түсті парадтық-салтанаттық мундир; көк жасыл түсті матадан тігілген юбка; ақ түсті жейде (жейдесі); қара түсті қосарланған галстук; парадтық белдік; қара түсті хром туфлиі; ақ түсті биялай; алтын түсті аксельбант; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: қара түсті үлбір (полковниктер үшін сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген) құлақшын; қара түсті үлбір жағасы бар парадтық-салтанаттық қара түсті (полковниктер үшін табиғи қаракөл жағасы бар сұр түсті) пальто; ақсұр түсті парадтық-салтанаттық матадан тігілген мундир; көк жасыл түсті матадан тігілген юбка; ақ түсті жейде (жейдесі); қара түсті қосарланған галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; ақ түсті бөкебай; қара түсті биялай. ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ішкі істер органдары басқармаларының аппараттары әйел қызметкерлерінің (қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдарының әйел қызметкерлерінен басқа) күнделікті киім нысаны: ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) жазғы: қаңқасы қалыпталып тартылған көк жасыл түсті матадан тігілген кепка; көк жасыл түсті пилотка; күнделікті киетін көк жасыл түсті күрте; күнделікті көк жасыл түсті матадан тігілген китель; көк жасыл түсті матадан тігілген юбка; ақсұр түсті жейделер (жейдесі); ашық көк жасыл түсті қосарланған галстук; көк жасыл түсті шалбар; күміс түсті желбей күрте; қара түсті хром туфли; ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) қысқы: қара түсті үлбір (полковниктер үшін табиғи қаракөлден тігілген сұр түсті) құлақшын; қара түсті үлбір жағасы бар қара түсті жылы күрте (полковниктер үшін табиғи қаракөл жағасы бар сұр түсті); қара түсті маусымдық плащ; көк жасыл түсті матадан тігілген күнделікті киетін китель; көк жасыл түсті матадан тігілген юбка; көк жасыл түсті шалбар; қара көк түсті нен тоқылған жемпір; ақсұр түсті жейде (жейдесі); ашық көк жасыл түсті қосарланған галстук; күнделікті киетін көк жасыл түсті күрте; қара түсті бөкебай; қара түсті жылы хром етігі; қара түсті биялай. ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдары бөлімшелерінің әйел қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарының ауыспалы аттестатталған құрамы қатарындағы әйел қызметкерлердің (жол полициясы қызметкерлерінен басқа) күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: қаңқасы қалыпталып тартылған көк жасыл түсті кепка; көк жасыл түсті пилотка; күнделікті киетін көк жасыл түсті китель; көк жасыл түсті юбка; қызмет өткеруге арналған көк жасыл түсті костюм жиынтығы; ақсұр түсті жейде (әйелдер жейдесі); ашық көк жасыл түсті қосарланған галстук; күміс түсті желбей күрте; қара түсті хром туфли; былғары жарақ жиынтығы; 2) қысқы: қара түсті үлбір (полковниктер үшін сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген) құлақшын; үлбір жағасы бар қара көк түсті (полковниктер үшін табиғи қаракөлден тігілген жағасы бар сұр түсті) жылы костюм; қара түсті үлбір жағасы бар қара түсті (полковниктер үшін табиғи қаракөлден тігілген жағасы бар сұр түсті) маусымдық күрте; күнделікті киетін көк жасыл түсті китель; көк жасыл түсті юбка; көк жасыл түсті шалбар; қызмет өткеруге арналған көк жасыл түсті костюм жиынтығы; қара көк түсті жемпір; ақсұр түсті жейде (әйелдер жейдесі); ашық көк жасыл түсті қосарланған галстук; қара түсті бөкебай; қара түсті жылы хром етік; қара түсті биялай. ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Жол полициясы әйел қызметкерлерінің күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: қаңқасы қалыпталып тартылған көк жасыл түсті кепка; көк жасыл түсті пилотка; күнделікті киетін көк жасыл түсті китель; көк жасыл түсті юбка; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар, қызмет өткеруге арналған көк жасыл түсті костюм жиынтығы; ақсұр түсті жейде (әйелдер жейдесі); ашық көк жасыл түсті қосарланған галстук; арнайы костюм (жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар, қара көк түсті шалбарымен сары түсті желбей плащ); жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар сары түсті сигналдық кеудеше; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар ақ түсті жарақ жиынтығы; ақ түсті биялай; қара түсті хром туфли; қара түсті ұзын қонышты бәтеңке; 2) қысқы: қара түсті үлбір (полковниктер үшін табиғи қаракөлден тігілген сұр түсті) құлақшын; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар, қара түсті үлбір жағасы бар қара көк түсті (полковниктер үшін сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген жағасы бар) жылы костюм; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар, қара түсті үлбір жағасы бар қара түсті (полковниктер үшін сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген жағасы бар) маусымдық күрте; қара көк түсті жемпір; күнделікті киетін көк жасыл түсті китель; көк жасыл түсті юбка; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар, қызмет өткеруге арналған көк жасыл түсті костюм жиынтығы; ақсұр түсті жейде (әйелдер жейдесі); жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар сары түсті сигналдық кеудеше; қара түсті бөкебай; қара түсті биялай; қара түсті жылы хром етік; қара түсті ұзын қонышты хром бәтеңке; жарық шағылыстырғыш көмкермесі бар ақ түсті жарақ жиынтығы. Ескертпе: ішкі істер органдарының әйел қызметкерлері әйелдерге арналған тиісті арнайы нысанды киіммен қамтамасыз етіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.04.11. № 1756 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің айырым белгілері
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жоғары басшы құрамы мен қызметкерлерінің айырым белгілері погондардан, кокардалардан, эмблемалардан, жұлдыздардан, түймелерден, галстукке арналған қысқаштардан, галстукке арналған «Генерал жұлдызы» нышандық белгісінен, жапсырмалардан, жең белгілерінен, бас киімдер мен киім-кешектердегі тігістерден тұрады және қызметкерлердің арнаулы атақтары мен олардың Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет ететінін білдіреді. Берілген арнаулы атағына және тиесілігіне сәйкес погондардың жолағында: бүркіттің бейнесі, бес бұрышты жұлдыздар, жапсырмалар (металл планстинкалар) және әріптер орналастырылады. Погондар тағылуына байланысты парадтық, парадтық-салтанаттық, күнделікті және арнайы киім-кешекке арналған, ал тағылу тәсілі бойынша - жапсырмалы, тігілетін, алмалы-салмалы және муфталы болып бөлінеді. Парадтық, парадтық-салтанаттық, күнделікті киім-кешек погондарының жиегі алтын жалатылған талшықтан немесе мата полотносынан ерекше өрілген оқасы бар, шеттігі ұлттық оюмен әшекейленген. Арнайы киім-кешекке арналған погондардың жиегі шеттігі жоқ камуфляж түсті мата полотнодан жасалған. Жең белгілері стандарттық матадан тігілген шеврондарды білдіреді, олар бір-бірінен салынған бейнелердің мазмұнымен, мәтіндік жазбалармен және түстердің үйлесімімен ажыратылады. Жең белгілері Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің киім нысанының бір бөлігі болып табылады және парадтық, парадтық-салтанаттық, күнделікті және арнайы киім нысанының сол жақ жеңінің сыртында белгіленген жерде орналасады, ал полиция қызметкерлерінің ішкі істер органдарының әртүрлі құрылымдарына, аумақтық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына тиесілігін білдіретін жең белгілері - киім-кешектің оң жақ жеңінде орналасады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |