Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 197 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Саудалық атауы Парацетамол
Халықаралық патенттелмеген атауы Парацетамол
Дәрілік түрі 200 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 200,0 мг парацетамол, қосалқы заттар: картоп крахмалы, крахмалды патока, стеарин қышқылы.
Сипаттамасы Жалпақ цилиндр тәрізді, сайы мен сызығы бар ақ немесе крем реңі бар ақ түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы Басқа анальгетиктер мен ыстықты түсіретін дәрілер. Анилиндер. АТЖ коды N02BE01
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Ішу арқылы қабылдаудан кейін негізінен баяу тасымалдану жолымен аш ішекте жылдам сіңеді. 500 мг дозада бір рет қолданғанда қан плазмасындағы барынша жоғары концентрациясына 0,5-2 сағат өткенде жетеді және 16 мкг/мл-ге жуық құрайды, одан кейін біртіндеп төмендей отырып, қабылдаудан кейін 6 сағат өткенде 11-12 мкг/мл деңгейге жетеді. Препаратты көп рет енгізгенде оның фармакокинетикасы өзгермейді. Препараттың жинақталуы орын алмайды. Қан плазмасында препараттың 10-15% жуығы ақуыздармен байланысқан күйі болады. Гистогематикалық бөгеттер арқылы жақсы өтеді, органдар мен тіндерге біркелкі таралады (май тінін қоспағанда). Гематоэнцефалиялық бөгет, плацента арқылы өтіп, омырау сүтіне түседі (қабылданған дозаның 1% азы). Таралу көлемі (Vd) 0,95 л/кг құрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|