Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 10 қазандағы № 170 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Патанол®
Халықаралық патенттелмеген атауы Олопатадин
Дәрілік түрі 0,1% 5мл көз тамшылары
Құрамы 1мл құрамында белсенді зат - олопатадин гидрохлориді 1,11мг (1,0 мг олопатадинге барабар), қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, динатрий фосфат додекагидраты, қанықтырылған және/немесе натрий гидроксиді (pH реттеу үшін) хлорсутекті қышқыл және тазартылған су.
Сипаттамасы Мөлдір немесе түссізден бозғылт-сары түстен аздап бозаңданған ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Аллергияға қарсы басқадай препараттар. АТЖ коды S01GX09
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Жергілікті қолданылатын олопатадиннің жүйелі сіңуі өте аз және плазмада <0,5 нг/мл-ден 1,3 нг/мл-ні құрайды. Олопатадиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 8-12 сағат, бүйрек арқылы шығарылады. Несепте олопатадин (дозаның 60-70%-ы) белсенді зат түрінде қалпына келеді және екі метаболит: әлсіз қанықтырылған монодезметил және N-оксид түрінде бүйрек арқылы шығарылады: Фармакодинамикасы Патанол® аллергияға қарсы/антигистаминді қатты әсер ететін дәрі, Н1-гистамин рецепторларының селективті тежегіші, сондай-ақ майлы жасушалардан қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді. Аллергияға қарсы айқын әсер етеді. α-адренергиялық, допаминдік, мускариндік 1 және 2 түріне, сондай-ақ серотонинді рецепторларға әсер етпейді.
Қолданылуы - аллергиялық коньюктивиттер. Патанол® 3 жастан үлкен балаларға, ересектерге арналған дозаларда қолданыла алады.
Қолдану тәсілі және дозалары Жергілікті. Қолданар алдында құтыны сілку керек. Зақымданған көздің төменгі конъюнктивальді қапшығына 1 тамшыдан күніне екі рет тамызу керек. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|