Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 4 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілілік нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі: 1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешек кию ережесін әзірлесін және бекітсін; 2) жаңа нысанды және арнайы киім-кешекпен жабдықтауға көшуді көрсетілген заттай мүліктің қолда бар қоры толық пайдаланылуын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырсын. 3. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын, ішкі әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің нормалары және тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53қбү қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 4-қосымшадағы № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12 нормалар алынып тасталсын. 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының нысанды киім-кешектің жаңа үлгілеріне көшуі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 43 қаулысы; 3) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі аға, орта және кіші басшы құрамының погондары бар нысанды киімі (киім-кешегі) туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 6 қазандағы № 1028 қаулысы. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің үлгілері
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жоғары басшы құрамының (генералдардың) киім нысаны
1. Парадтық киім нысаны: 1) жазғы: қара көк түсті парадтық жүн матадан тігілген фуражка; қара көк түсті парадтық жүн матадан тігілген мундир; қара көк түсті балағын сыртқа шығарып киетін жүн матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; алтын түсті аксельбант; парадтық белдік; ақ түсті биялай; 2) қысқы: сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген папаха; сұр түсті қаракөл жағасы бар парадтық-салтанаттық сұр түсті жылы жүн матадан тігілген пальто; плащ матасынан тігілген қара түсті маусымдық жылы плащ; қара көк түсті парадтық жүн матадан тігілген мундир; қара көк түсті балағын сыртқа шығарып киетін жүн матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром етік; алтын түсті аксельбант; парадтық белдік; ақ түсті биялай; ақ түсті бөкебай. 2. Парадтық-салтанаттық киім нысаны: 1) жазғы: сарғыш түсті парадтық-салтанаттық жүн матадан тігілген фуражка; сарғыш түсті парадтық-салтанаттық жүн матадан тігілген мундир; балағын сыртына шығарып киетін қоңыр түсті жүн матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; «Генерал жұлдызы» нышандық белгісі; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; ақ түсті биялай; 2) қысқы: табиғи қаракөл терісінен тігілген сұр түсті папаха; сұр түсті қаракөл жағасы бар сұр түсті парадтық-салтанаттық жылы жүн матадан тігілген пальто; плащ матасынан тігілген қара түсті маусымдық жылы плащ; сарғыш түсті парадтық-салтанаттық жүн матадан тігілген мундир; қоңыр түсті балағын сыртқа шығарып киетін жүн матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; «Генерал жұлдызы» нышандық белгісі; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром етік; ақ түсті биялай; ақ түсті бөкебай. 3. Күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: күнделікті көк жасыл түсті жүн матадан тігілген фуражка; сарғыш түсті жеңіл жүн матадан тігілген фуражка; күнделікті көк жасыл түсті жүн матадан тігілген китель; балағын сыртқа шығарып киетін көк жасыл түсті жүн матадан тігілген шалбар; балағын сыртқа шығарып киетін қоңыр түсті жүн матадан тігілген шалбар; ақсұр түсті жейде; сарғыш түсті жүн жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; жазғы жеңіл костюм жиынтығы; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; 2) қысқы: табиғи қаракөл терісінен тігілген сұр түсті папаха; табиғи қаракөл терісінен тігілген сұр түсті қысқы құлақшын; үлбір жағасы бар күнделікті қара түсті былғары пальто; плащ матасынан тігілген қара түсті маусымдық жылы плащ; қара көк түсті жүннен тоқылған жемпір; күнделікті көк жасыл түсті жүн матадан тігілген китель; балағын сыртқа шығарып киетін көк жасыл түсті жүн матадан тігілген шалбар; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; шалбарға тағатын қара түсті былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты жылы хром етік; қара түсті былғары биялай; қара түсті жүн бөкебай. 4. Арнайы киім нысаны: 1) жазғы: камуфляжды кепка; камуфляжды жазғы костюм жиынтығы; камуфляжды футболка; ұзын қонышты хром бәтеңке; былғары жарақ; камуфляжды плащ-жамылғы; жорықтық сөмке; 2) қысқы: сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген қысқы құлақшын; сұр түсті қаракөл жағасы бар камуфляжды қысқы жылы костюм жиынтығы; камуфляжды жүн матадан тоқылған жемпір; камуфляжды футболка; үлбірі бар ұзын қонышты жылы бәтеңке; жарақ немесе жарақсыз; былғары биялай; жорықтық сөмке; жүн бөкебай.
2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің киім нысаны
1. Ішкі істер органдарының барлық санаттағы қызметтері қызметкерлерінің парадтық-салтанаттық киім нысаны: 1) жазғы: ақсұр түсті парадтық-салтанаттық жүн матадан тігілген фуражка; ақсұр түсті парадтық-салтанаттық жүн матадан тігілген мундир; балағын сыртқа шығарып киетін көк жасыл түсті жүн матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; ақ түсті биялай; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; парадтық белдік немесе белдіксіз; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; 2) қысқы: сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген папаха (полковниктер үшін); қой терісінен, тігілген үстінде қара түсті былғарысы бар қысқы үлбір кепка; қой терісінен тігілген (полковниктер үшін сұр түсті қаракөл жағасы бар) парадтық-салтанаттық қара түсті жүн матадан тігілген пальто; ашық көк түсті салтанаттық-парадтық жүн матадан тігілген мундир; балағын сыртқа шығарып киетін көк жасыл түсті жүн матадан тігілген шалбар; ақ түсті жейде; қара түсті галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті былғары биялай; қара түсті қысқа қонышты жылы хром бәтеңке; ақ түсті бөкебай. 2. Ішкі істер органдары басқармаларының аппараттары қызметкерлерінің (қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдарының қызметкерлерінен басқа) күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: күнделікті көк жасыл түсті жүн матадан тігілген фуражка; көк жасыл түсті жүн матадан тігілген пилотка; күнделікті көк жасыл түсті жүн матадан тігілген китель; балағын сыртқа шығарып киетін көк жасыл түсті жүн матадан тігілген шалбар; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; су өткізбейтін матадан тігілген күміс түсті желбей күрте; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; 2) қысқы: сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген полковниктерге арналған құлақшын; қойдың терісінен тігілген үстінде қара түсті былғарысы бар қысқы үлбір кепка; қойдың терісінен тігілген үлбір жағасы бар плащ матасынан тігілген қара түсті қысқы күрте (полковниктерге - жағасы сұр түсті табиғи қаракөлден тігілген); плащ матасынан тігілген қара түсті маусымдық жылы плащ; күнделікті көк жасыл түсті жүн матадан тігілген китель; балағын сыртқа шығарып киетін көк жасыл түсті жүн матадан тігілген шалбар; қара көк түсті жүннен тоқылған жемпір; ақсұр түсті жейде; ашық көк жасыл түсті галстук; қара түсті жүн бөкебай; қара түсті былғары биялай; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті қысқа қонышты жылы хром бәтеңке. Ескертпе. 1) ішкі істер органдарының басқармалары аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының, көліктегі ішкі істер департаменттерінің басқармалары аппараттарының, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, кенттік, желілік ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оқу орындарының тұрақты құрамы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мекемелерінің орта және аға басшы құрамы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшылығының шешімі бойынша осы санатқа жататын басқа да қызметтердің қызметкерлері жатады; 2) қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдары қызметкерлеріне мына қызметкерлер: учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік-күзет қызметі, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар, жол полициясы инспекторлары, кинолог-инспекторлар, мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері, уақытша ұстау изоляторлары арнайы мекемелерінің, қабылдау-тарату орындарының, арнайы қабылдау орындарының, медициналық айықтырғыштардың, айдауылдау қызметтерінің қызметкерлері, жүргізуші-қызметкерлер, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оқу орындарының ауыспалы құрамы және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басшылығының шешімі бойынша аталған санатқа жататын басқа да қызметтердің қызметкерлері жатады. 3. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдары қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оқу орындарының ауыспалы аттестатталған құрамы және осы санатқа жататын басқа да қызметтер қызметкерлерінің күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: күнделікті қара түсті жүн матадан тігілген фуражка; қызмет өткеруге арналған қара көк түсті костюм жиынтығы; балағын сыртқа шығарып киетін қара көк түсті жүн матадан тігілген шалбар; сия көк түсті жейде; қара түсті галстугі бар ақ түсті жейде; сия көк түсті жейде (әйелдер жейдесі); сия көк түсті мәйкі-футболка; ақ түсті мәйкі-футболка; сия көк түсті мәйкі; су өткізбейтін матадан тігілген күміс түсті желбей күрте; ақ түсті капрон жіптен тігілген аксельбант; ақ түсті биялай; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті ұзын қонышты хром бәтеңке; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; әйелдердің қара түсті хром туфлиі; қара түсті былғары жарақ жиынтығы; 2) қысқы: қой терісінен тігілген үстінде қара түсті былғарысы бар қысқы үлбір кепка; ылғалдан сақтайтын материалдармен көмкерілген қара түсті қысқы үлбір плащ матасынан тігілген үлбір жағасы бар қара көк түсті жылы костюм жиынтығы; плащ матасынан тігілген қара түсті үлбір жағасы және қой терісінен тігілген қымтамасы бар маусымдық күрте; қызмет өткеруге арналған қара көк түсті жүн матадан тігілген костюм жиынтығы; қара көк түсті жүннен тоқылған жемпір; балағын сыртқа шығарып киетін қара көк түсті жүн матадан тігілген шалбар; сия көк түсті жейде; қара түсті галстугы бар ақ түсті жейде; сия көк түсті жейде (әйелдер жейдесі); сия көк түсті мәйкі-футболка; қара түсті жүн бөкебай; ақ түсті капрон жіптен тігілген аксельбант; ақ түсті биялай; қара түсті былғары биялай; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті ұзын қонышты хром бәтеңке; қара түсті қысқа қонышты жылы хром етік; әйелдердің қара түсті жылы хром етегі; қара түсті былғары жарақ жиынтығы. Ескертпе. 1) учаскелік полиция әйел инспекторларының, патрульдік-күзет қызметінің, мамандандырылған мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оқу орындарының ауыспалы құрамының әйел қызметкерлері әйелдерге арналған тиісті киім нысанымен қамтамасыз етіледі; 2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі оқу орындарының аттестатталған ауыспалы құрамына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жоғарғы оқу орындарының тыңдаушылары мен колледждерінің курсанттары жатады. 4. Жол полициясы инспекторларының күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: күнделікті қара түсті жүн матадан тігілген фуражка; жалтырауық материалдармен көмкерілген қызмет өткеруге арналған сия көк түсті жылы жүн матадан тігілген костюм жиынтығы; балағын сыртқа шығарып киетін қара көк түсті жүн матадан тігілген шалбар; сия көк және ашық көк реңдермен қиыстырылған жейделер; сия көк және ашық көк реңдермен қиыстырылған жейделер (әйелдер жейдесі); сия көк түсті мәйкі-футболка; ақ түсті мәйкі-футболка; сия көк түсті мәйкі; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; ақ түсті биялай; су өткізбейтін матадан тігілген жалтырауық материалдармен көмкерілген сары түсті желбей плащ; жалтырауық материалдармен көмкерілген сары түсті сигналдық кеудеше; қара түсті ұзын қонышты хром бәтеңке; қара түсті қысқа қонышты хром бәтеңке; әйелдердің қара түсті хром туфлиі; қара түсті хром етік; жалтырауық материалдармен көмкерілген ақ жарақ жиынтығы; ақ-қара түсті былғары костюм (күрте, етікке салатын шалбар жиынтығы); 2) қысқы: қойдың терісінен тігілген үстінде қара түсті былғарысы бар қысқы үлбір кепка; ылғалдан сақтайтын және жалтырауық материалдармен көмкерілген қара түсті қысқы үлбір костюм жиынтығы; су өткізбейтін матадан тігілген жалтырауық материалдармен көмкерілген қой терісінен жасалған үлбір жағасы бар қара көк түсті жылы костюм жиынтығы; жалтырауық материалдармен көмкерілген үлбір жағасы бар қой терісінен тігілген қара түсті маусымдық жылы күрте; қара көк түсті жүн жемпір; қызмет өткеруге арналған жалтырауық материалдармен көмкерілген сия көк түсті жүн матадан тігілген костюм жиынтығы; балағын сыртқа шығарып киетін сия көк түсті жүн матадан тігілген шалбар; сия көк және ашық көк реңдермен қиыстырылған жейде; сия көк және ашық көк реңдермен қиыстырылған жейде (әйелдер жейдесі); сия көк түсті мәйкі-футболка; қара түсті жүн бөкебай; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті былғары биялай; жалтырауық материалдармен көмкерілген сары түсті сигналдық кеудеше; қара түсті ұзын қонышты хром бәтеңке; қара түсті қысқа қонышты хром жылы етік; әйелдердің қара түсті хром жылы етігі; қара түсті іші жүн матадан тігілген ұлтанды етік; қара түсті хром етік; жалтырауық материалдармен көмкерілген ақ түсті жарақ. Ескертпе. Жол полициясының инспектор әйел қызметкерлері әйелдерге арналған тиісті киім нысанымен қамтамасыз етіледі. 5. Арнайы киім нысаны: 1) жазғы: камуфляжды кепка; камуфляжды жазғы костюм жиынтығы; қара түсті ұзын қонышты хром бәтеңке; қара түсті былғары жарақ; қара түсті берет; арнайы костюм жиынтығы; жаттығу костюм жиынтығы; спорттық аяқ киім; 2) қысқы: қойдың терісінен тігілген үлбір тымақ; қойдың терісінен тігілген үлбір жағасы бар камуфляжды жылы костюм жиынтығы; қара түсті ұзын қонышты хром бәтеңке немесе іші жүн матадан тігілген ұлтанды етік; қара түсті былғары жарақ; қара түсті жүн бөкебай; қара түсті жүн биялай; арнайы жылы күрте; арнайы костюм жиынтығы; жаттығу костюм жиынтығы; спорттық аяқ киім. Ескертпе. Ішкі істер органдарының әйел қызметкерлері әйелдерге арналған тиісті арнайы нысанды киім-кешектермен қамтамасыз етіледі.
3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әйел қызметкерлерінің киім нысаны
1. Барлық санаттағы қызметтер үшін ішкі істер органдары әйел қызметкерлерінің парадтық-салтанаттық киім нысаны: 1) жазғы: қаңқасы қалыпталып тартылған ақсұр түсті жүн матадан тігілген кепка; ақсұр түсті парадтық-салтанаттық мундир; көк жасыл түсті жүн матадан тігілген юбка; ақ түсті жейде (әйелдер жейдесі); қара түсті қосарланған галстук; қара түсті шалбарға тағатын белбеу; әйелдердің қара түсті хром туфлиі; ақ түсті биялай; 2) қысқы: сұр түсті қаракөл желкелігі бар қара түсті қысқы кепка; сұр түсті табиғи қаракөл жағасы бар қара түсті жүн матадан тігілген пальто; ақсұр түсті парадтық-салтанаттық жүн матадан тігілген мундир; көк жасыл түсті жүн матадан тігілген юбка; ақ түсті жейде (әйелдер жейдесі); қара түсті қосарланған галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; әйелдердің қара түсті жылы хром етігі; ақ түсті бөкебай; қара түсті былғары биялай. 2. Барлық санаттағы қызметтер үшін ішкі істер органдары әйел қызметкерлерінің (қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметті көшеде өткеретін ішкі істер органдарының әйел қызметкерлерінен басқа) күнделікті киім нысаны: 1) жазғы: қаңқасы қалыпталып тартылған көк жасыл түсті жүн матадан тігілген кепка; көк жасыл түсті нысандық шляпа; көк жасыл түсті жүн матадан тігілген пилотка; күнделікті көк жасыл түсті жүн матадан тігілген китель; көк жасыл түсті жүн матадан тігілген юбка; ақсұр түсті жейделер (әйелдер жейдесі); ашық көк жасыл түсті қосарланған галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; су өткізбейтін матадан тігілген күміс түсті желбей күрте; қара түсті хром туфли; 2) қысқы: сұр түсті қаракөл желкелігі бар қара түсті қысқы кепка; сұр түсті табиғи қаракөл жағасы бар қара түсті жүн матадан тігілген пальто; плащ матасынан тігілген қара түсті маусымдық жылы плащ; көк жасыл түсті жүн матадан тігілген китель; көк жасыл түсті жүн матадан тігілген юбка; балағын сыртқа шығарып киетін көк жасыл түсті шалбар; қара көк түсті жүннен тоқылған жемпір; ақсұр түсті жейде (әйелдер жейдесі); ашық көк жасыл түсті қосарланған галстук; қара түсті шалбарға тағатын былғары белбеу; қара түсті жүн бөкебай; әйелдердің қара түсті жылы хром етігі; қара түсті былғары биялай.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жоғары басшы құрамы мен қызметкерлерінің айырым белгілері
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жоғары басшы құрамы мен қызметкерлерінің айырым белгілері погондардан, кокардалардан, эмблемалардан, жұлдыздардан, түймелерден, галстукке арналған қысқаштардан, галстукке арналған «Генерал жұлдызы» нышандық белгісінен, жапсырмалардан, жең белгілерінен, бас киімдер мен киім-кешектердегі тігістерден тұрады және қызметкерлердің арнаулы атақтары мен олардың Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет ететінін білдіреді. Берілген арнаулы атағына және тиесілігіне сәйкес погондардың жолағында: бүркіттің бейнесі, бес бұрышты жұлдыздар және жұлдызшалар, жапсырмалар (металл планстинкалар) және әріптер орналастырылады. Погондар тағылуына байланысты парадтық, парадтық-салтанаттық, күнделікті және арнайы киім-кешекке арналған, ал тағылу тәсілі бойынша - жапсырмалы, тігілетін, алмалы-салмалы және муфталы болып бөлінеді. Парадтық, парадтық-салтанаттық, күнделікті киім-кешек погондарының жиегі алтын жалатылған талшықтан немесе мата полотносынан ерекше өрілген оқасы бар, шеттігі ұлттық оюмен әшекейленген. Арнайы киім-кешекке арналған погондардың жиегі шеттігі жоқ камуфляж түсті мата полотнодан жасалған. Жең белгілері стандарттық матадан тігілген шеврондарды білдіреді, олар бір-бірінен салынған бейнелердің мазмұнымен, мәтіндік жазбалармен және түстердің үйлесімімен ажыратылады. Жең белгілері Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің киім нысанының бір бөлігі болып табылады және парадтық, парадтық-салтанаттық, күнделікті және арнайы киім нысанының сол жақ жеңінің сыртында белгіленген жерде орналасады, ал полиция қызметкерлерінің ішкі істер органдарының әртүрлі құрылымдарына, аумақтық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына тиесілігін білдіретін жең белгілері - киім-кешектің оң жақ жеңінде орналасады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары курсанттарының және тыңдаушыларының оқу курстары бойынша жең белгілері алтын түсті оқадан жасалған тікбұрышты болады және мундирдің, кительдің және пальтоның сол жақ жеңінің сырт жағына тігіледі.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды және арнайы киім-кешектерінің жаңа үлгілері мен тиесілілік нормалары
1-норма Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жоғары басшы құрамын (генералдарын) заттай мүлікпен жабдықтау
|