|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 Қаулысымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер және ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен «Алматы» санаторийі» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірісті оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсауды қамтамасыз етсін»; 3-тармақ «Осы» деген сөзден кейін «қаулының 1-тармағының 2-1) тармақшасында және осы» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |