Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы № 101 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Перлинганит®
Халықаралық патенттелмеген атауы Нитроглицерин (Nitroglycerin)
Дәрілік түрі Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 1мг/мл
Құрамы 10 мл концентраттың құрамында белсенді зат - 10 мг нитроглицерин, қосымша заттар: пропиленгликоль, инъекцияға арналған су, глюкоза, тұз қышқылы.
Сипаттамасы Иіссіз мөлдір түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Жүрек ауруларын емдеу үшін қолданылатын шеткергі вазодилататорлар. Органикалық нитраттар. АТЖ коды С01DA02
Фармакологиялық коды Фармакокинетикасы Жүйелі қан ағысына түсе отырып, 60% қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Жоғары липофильділікке ие, таралу көлемі үлкен (3,3 -1,2 л/кг). Ди- және мононитраттар түзе отырып (изосорбид-5-мононитрат қана белсенді), органикалық нитраттарға әсер ететін глутатионредуктазамен бауырда жылдам метаболизденеді, түпкі метаболиті - глицерин. Метаболиттер түрінде бүйрекпен шығарылады. Жалпы клиренсі 30-78 л/минут, жартылай шығарылу кезеңі 1-3 минут құрайды. Фармакодинамикасы Нитраттар тобындағы көктамырды кеңітетін дәрі. Нитраттар өз молекулаларынан табиғи эндотелиальдаушы босаңсытқыш фактор - гуанилатциклазаны тікелей белсендіруші медиатор азот оксидін босатып шығаруға қабілетті. цГМФ концентрациясының жоғарылауы негізінен венулдар мен көктамырлар тегіс бұлшық еттік талшықтарының босаңсуын туғызады. Антиангинальды және түйілуді басау арқылы әсер етеді, қан тамыр қабырғаларының, бронхтардың, асқазан-ішек жолдарының, өт шығару жолдарының, несеп ағзарлардың тегіс бұлшық еттерін босаңсытады. Көктамырға енгізген кезде шеткергі тамырлардың кеңеюі есебінен жүрекке алдыңғы жүктемені азайтады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|