Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 6 наурыздағы № 42 бұйрығымен бекітілген
Нұсқаулық қолдану жөніндегі 23 вакцинасын Пневмо
Саудалық атауы ПНЕВМО 23 (пневмококкты полисахаридті вакцинасы)
Халықаралық патенттелмеген атауы Деректер жоқ
Дәрілік түрі Инъекция жасауға арналған 1 доза ерітінді (0,5 мл) толтырылған еккіш
Құрамы Вакцинаның бір дозасының (0,5 мл) құрамында: белсенді заттар: тазартылған капсулярлық полисахаридтер Streptococcus pneumoniae мынадай 23 серотип бар: 1, 2, 3, 4, 5 6В, 7Ғ, 8, 9N, 9V, 10A, 11A, 12F, 14, 15B, 17F, 18C, 19A, 206 22F, 33F бұлардың әрқайсысы 0,025 мгм-нан қосымша заттар: фенолдық буферлі ерітінді, (рН 6,9 дейін): фенол, натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты, қос сулы натрий гидрофосфаты, инъекцияға арналған су 0,5 мл-ге дейін.
Сипаттамасы Мөлдір түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы Бактериялық жұқпалардың алдын алуға арналған вакциналар АТЖ коды J07AL
Фармакологиялық қасиеттері Вакцинаны шамамен барлық инвазиялық жұқпалардың 90% жуығын туғызатын 23 серотиптік негізіндегі пневмококктық жұқпалардың капсулярлық полисахаридтерінің тазартылған антигендері негізінде арнап дайындайды. Иммунитет вакциналаудан кейін 2-3 апта өткенде пайда болады.
Қолданылуы Вакцинаны пневмонияның алдын алу мақсатында 2 жастан үлкен балаларға енгізуге рұқсат етіледі. Вакцина сонымен бірге мынадай қауіпті топтар үшін де қолданылады: - 65 жастан үлкендерге - ремисия кезеңінде созылмалы аурулары барларға - тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесінің созылмалы ауруларында, қант диабетінде - маскүнемдіктен туындаған ауруларды (мысалы, бауыр цирозын) қоса алғанда бауырдың созылмалы ауруларында - созылмалы бүйрек жеткіліксізідігінде немесе нефротикалық синдромда - функциональдық (мысалы, орақ тәрізді-жасушалық анемияда, тұқым қуалайтын сфероцитозда) немесе анатомиялық аспленияда Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|