Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2008 жылғы 23 сәурдегі № 93 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Полимик (Polymic )
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі Қабықпен қапталған таблеткалар. Офлоксацин 200 мг және Орнидазол 500мг
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: Офлоксацин 200 мг, Орнидазола 500мг, қосымша заттар: микрокристаллдық целлюлоза, натрий крахмалгликоляты, повидон К-30, магний стеараты, қызғылт-сары Опадрай бояғышы.
Сипаттамасы Екі беті дөңес, капсула тәрізді, қызғылт-сары түсті қабықпен қапталған бір жағында бөлгіш сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы Біріктірілген микробтарға қарсы препараттар АТЖ кодыJ01RA
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Офлоксацин асқазан-ішек жолдарынан толықтай дерлік сіңеді. Биожетімділігі 96-дан 100%-ға дейін. Ең жоғары концентрациясына 30-60 минут ішінде жетеді. Плазманың ақуыздарымен байланысуы 25%-ды құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі 6-7 сағатты құрайды. 90%-ға дейіні өзгермеген түрде несеппен шығарылады. Гематоэнцефалиялық және плацентарлы бөгет арқылы өтеді. Орнидазол ішу арқылы оңай және жылдам сіңеді. Биожетімділігі 90%-ды құрайды. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына 3 сағаттан соң жетеді. Ақуыздарымен байланысуы шамамен 13%. Жұлын сұйықтығына, организмнің басқа сұйықтықтары мен тіндерге өтеді. Бауырда метаболизденеді, жартылай шығарылу кезеңі 13 сағатты құрайды. Препараттың несеппен 63%-ға дейіні, нәжіспен-22%-ға дейіні шығарылады. Фармакодинамикасы Полимик - біріктірілген препараттың әсері белсенді компоненттерге байланысты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|