Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 қарашадағы № 204 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Прайтор®
Халықаралық патенттелмеген атауы Телмисартан
Дәрілік түрі 40мг, 80 мг таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат: телмисартан 40мг немесе 80мг, қосымша заттар: натрий гидроксиді, повидон К25, меглюмин, сорбитол Р/6, магний стеараты
Сипаттамасы 40 мг дозасы үшін: ақ түсті немесе ақ түсті дерліктей сопақ таблеткалар, бір жағында “GX EG1” таңбасы салынған 80 мг дозасы үшін: ақ түсті немесе ақ түсті дерліктей сопақ таблеткалар, бір жағында “GX EG7” таңбасы салынған
Фармакологиялық тобы Ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін препараттар. Ангиотензин ІІ-нің антотагонистері, бір құрамды препаратттар. АТС коды C09CA07
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Телмисартанды ішу арқылы қабылдағанда, ол ең жоғарғы қанығу деңгейіне 0,5-1,5 сағаттан кейін жетеді. 40 мг және 160 мг телмисартанның абсолютті биотиімділігі тиісінше 42% және 58% құрайды. Телмисартанды тамақпен бірге қабылдау оның фармакокинетикалық алаң мөлшерінің 6%-дан (40 мг доза) 19% -ға дейін (160 мг доза) азаюына әкеп соқтырады. Ең жоғарғы қанығу деңгейі және қанығу деңгейінің аумақтық сызбасы әйелдердің қансарсуында еркектерге қарағанда 2 және 3 есе артық болады, бірақ бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді. Телмисартан қансарсуының ақуыздарымен (>99,5%), негізінен альбуминдермен және альфа L-қышқылының гликопротеиндерімен жақсы байланысады. Телмисартанның таралу көлемі шамамен 500 л. Телмисартан конъюгациялану арқылы глюкуронидтерге метаболизденеді, олар фармакологиялық тұрғыдан белсенді. Жартылай бөліну кезеңі >20 сағаттай. Телмисартанның организмде жинақталуы туралы мәлімет жоқ. Ішке қабылдағаннан кейін, ол толықтай түрде нәжіспен бірге шығады. Несеп арқылы алынған дозаның < 2% -дан азы бөлінеді. Қансарсуындағы телмисартанның жалпы клиренсі бауыр қан айналуымен (1500 мл/мин жуық) салыстырғанда 900 мл/мин шамасында. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|