|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы (2010.18.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевтың Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) сапарын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 16 - 18 қараша кезеңіне, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаменті директорының орынбасары Айдар Есламбекұлы Шалбаев, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің халықаралық ынтымақтастық пен инновациялық дамыту басқармасының бастығы Гүлнәр Жәнетқызы Мұханова және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің бірінші хатшысы Азамат Сәбитұлы Әбдірайымов 2009 жылғы 14 - 18 қараша кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. ҚР Үкіметінің 2010.18.01. № 14 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Алматы - Астана - Мәскеу - Астана - Алматы бағыты бойынша арнайы рейстің шығыстарын төлесін және делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға, Г.Ж. Мұхановаға және А.С. Әбдірайымовқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 1821 қаулысына қосымша
Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Ресми делегация
Бірге жүретін адамдар
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |