|
|
|
Ә.А. Жансейітовті Бішкек қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ішкі істер министрліктерінің/полицияларының кадр аппараттары басшыларының кеңесіне қатысуға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр жұмысы департаментінің бастығы Әлібек Ақбұзауұлы Жансейітов 2009 жылғы 16 - 19 қараша кезеңіне Бішкек қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ә.А. Жансейітовке Алматы - Бішкек - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |