|
|
|
Қ.Т. Тұрғанқұловты, Ү.Ж. Жетенов пен Д.Е. Байғараевты Бухарест қаласына (Румыния) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және 2009 жылғы 22 қарашада өтетін Румыния Президентін сайлауды байқауға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлұлы Тұрғанқұлов, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Үсен Жетенұлы Жетенов және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының кеңесшісі Донат Есентайұлы Байғараев 2009 жылғы 19 - 24 қараша кезеңіне Бухарест қаласына (Румыния) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қ.Т. Тұрғанқұловқа, Ү.Ж. Жетенов пен Д.Е. Байғараевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Бухарест - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада белгіленген тәртіппен қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |