|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Пекин (Қытай Халық Республикасы) қаласына іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және «Шекара ауданында әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы» Шанхай келісімін іске асыру шеңберінде Бірлескен бақылау тобы 21-ші сессиясының жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 17 - 27 қараша кезеңіне Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1891 қаулысына қосымша
Пекин қаласына (Қытай Халық Республикасы) іссапарға жіберілетінҚазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |