|
|
|
Ш.Т. Мәсеновті, Р.Т. Жұмағұловты, Н.Қ. Жүсіпбековті және А.М. Махмудовты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, экспорттық бақылау мәселелері бойынша семинарға қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті материалдарды бақылау және физикалық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшасы Шыңғыс Төлегенұлы Мәсенов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы Руслан Тоқанұлы Жұмағұлов, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы Нұрлан Қоқанұлы Жүсіпбеков және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көп жақты ынтымақтастық департаменті халықаралық қауіпсіздік басқармасының атташесі Азат Махмудұлы Махмудов 2009 жылғы 24 - 28 қараша кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ш.Т. Мәсеновке, Р.Т. Жұмағұловқа, Н.Қ. Жүсіпбековке және А.М. Махмудовқа белгіленген нормалардың 30 (отыз) пайызы мөлшерінде тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |