Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 59 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Дәрінің саудалық атауы Прополин С
Халықаралық патенттелінбеген атауы Прополин С
Дәрілік нысаны Таблеткалар
Құрамы белсенді заттар: прополис тұнбасы 0,1 г аскорбин қышқылы 0,0315 г глюкоза 0,445 г қосымша заттар: картоп крахмалы , поливинилпирролидон, кальций стеарат
Сипаттама Ақ түсті және сарғыш реңді, ойы және сызығы бар, жалпақцилиндрлік таблеткалар. Дақтары болуы мүмкін.
Фармакотерапевтикалық топ Бауырды емдеуге арналған препараттар. АТС коды АО5ВА
Фармакологиялық қасиеті Прополиннің биологиялық және фармакологиялық әсерлерінің кең спектрі оның әртүрлі химиялық құрамының нәтижесі. Прополистің құрамына ароматты альдегидтер, ароматты қышқылдар, алкоголдер, флавондар және флавонолдар кіреді. Прополис бактериостатикалық, бактерицидтік, фунгицидтік, анестезиялық, қабынуға қарсы, жараның эпителизациялануына, организмнің арнайы және арнайы емес қорғауыш күштеріне жағымды әсер етеді. Прополис қанқұртқа қарсы, ісікке қарсы және кератоликалық, сәуле соққысына ұрынғанда қарсы, кәрілікке қарсы әсер етеді. Фагоцитоздың жоғарлауы және пропердин мен комплемент деңгейін көтеру арқылы иммундық жүйені жандандырады. Жасуша мембранасының тұрақтануында, адам қанындағы ақуыз фракциясының арақатынасын жақсарту арқылы гепатопротекторлық әсер етеді. Асқазан-ішек жолдарының іс әрекетін реттейді. Холестерол мен холестерин деңгейін төмендетеді. Аскорбин қышқылы қылтамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді. Препарат тамырларды атеросклероздан сақтауға әсер етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|