Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Прополис тұнбасы
Халықаралық патенттелмеген атауы Жоқ
Дәрілік түрі 25 мл тұнба
Құрамы 1 л тұнбаның құрамында Белсенді зат - прополис 100 г, Қосымша зат - 80 % этил спирті 1 л.
Сипаттамасы Сары-қоңырдан қызыл-қоңыр түске дейінгі, өзіне тән иісі бар мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы Жараның қалыпты бітуіне ықпал ететін препараттар АТС коды DO3А Х
Фармакологиялық қасиеттері Прополистің құрамында балауыз, эфирлі майлар, шайырлардың қоспасы, корич қышқылының туындысы, флавондар және басқа биогенді қосылыстар. Қабынуға қарсы әсер етеді, зақымданған тіндердің қайта жаңғыруын күшейтеді және организмдегі метаболикалық үдерістерді қалпына келтіреді.
Қолданылуы - микрожарақаттары және тері бетінің басқадай зақымдануларында - созылмалы тонзиллит, созылмалы іріңді отит, созылмалы фарингит, гайморит, пародонтитте.
Қолдану тәсілі және дозалары Прополис тұнбасы аппликация, шаю, жуу, сондай-ақ ингаляция түрінде жергілікті қолданылады. Микрожарақаттарда тұнбаны терінің зақымданған жеріне немесе шырышты қабықтарға күніне 2-3 рет тампонның көмегімен жағады. Отитте сыртқы есту қуысына (оны тазартқаннан кейін) 1-2 минутқа тұба сіңірілген тампонды енгізеді немесе препаратты 1-2 тамшыдан күніне 3-4 рет тамызады. Фарингитте және тонзиллитте прополис тұнбасын жұтқыншақтың және бадамша бездерді тәулігіне 2-3 рет 8-15 күн бойы жағады. Созылмалы тонзиллитте препаратты тұнба мен суды 1:20 еселікте араластырып ингаляциялық ерітінді дайындау үшін қолданылады. 7-10 күн бойы тәулігіне 1-2 ингаляция жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|