Қазақстан Республикасының делегациясын Ялта қаласына (Украина) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1898 Қаулысы
(2009.21.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация):
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 19 - 20 қараша кезеңіне;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 18 - 21 қараша кезеңіне;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 14 - 21 қараша кезеңіне Ялта қаласына (Украина) іссапарға жіберілсін.
ҚР Үкіметінің 2009.21.12. № 2149 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік;
осы қаулының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Симферополь - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін.
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Симферополь - Стамбул - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Симферополь - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 қарашадағы
№ 1898 қаулысына
1-қосымша
Ялта қаласына (Украина) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрінің бірінші орынбасары |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы |
Омарқожаев Әнуар Сағынәліұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Протоколының басшысы |
Шәкірова Айнагүл Еркінқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің басшысы - Баспасөз хатшысы |
Оразалиев Молдияр Молыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы |
Айтбаев Азамат Күленбайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі |
Нәкенова Дариға Ахметжанқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Баспасөз қызметінің бас сарапшысы |
Шахай Шүкірәлі Өмірұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жеке фототілшісі |
Мұқашев Нұрсұлтан Өзбекұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жеке телеоператоры |
Рысмұхамбетов Ренат Есламұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің бірінші хатшысы |
Ярославский Андрей Павлович | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жеке күзетінің бастығы |
Раганин Асқар Уақытұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің офицері |
Ерисов Сергей Иванович | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің офицері |
Бұхарбаев Ілияс Мұсаұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің офицері |
Мұсағазин Мағжан Тұрғанбекұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің офицері |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 қарашадағы
№ 1898 қаулысына
2-қосымша
Ялта қаласына (Украина) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Игембаев Тоқтар Боранбайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаменті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басқармасының бастығы |
Пискорский Богдан Валерьевич | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті халықаралық шарттар басқармасының бастығы |
Махметов Әсет Махметұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаменті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басқармасының кеңесшісі |
Ержанов Аманияз Қасымұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 қарашадағы
№ 1898 қаулысына
3-қосымша
Ялта қаласына (Украина) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Көдекова Найля Кенжебайқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің сектор меңгерушісі |
Досымбеков Ерлан Батырбекұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің офицері |
Ахметов Сәбит Мәуленұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің офицері |
Ысқақов Асхат Тоқтарханұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің офицері |
Пердебеков Сәкен Асқанбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі |