Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 66 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған нұсқаулық
Саудалық атауы Рипейс 25 Рипейс 50
Халықаралық патенттелмеген атауы Лозартан
Дәрілік түрі Ұлбірлі қабықпен қапталған 25 мг, 50 мг - лік таблеткалар
Құрамы Бір таблетканың құрамында мыналар бар белсенді зат - калий лозартан 25 немесе 50 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристаллды целлюлоза, крахмал, натрий бензоаты, тазартылған тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты силикон, натрий крахмалының гликоллаты, гипромеллоза 2910, полиэтиленгликоль 6000, титан диоксиді, сары хинолин, изопропил спирті, метиленхлорид.
Сипаттамасы Екі ойығы бар, екі жағы дөңес, бір жағында бөлуге арналған сызығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек сары түсті таблеткалар.
Фармакотерапевтикалық тобыРенин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер.Ангиотензин II-нің антагонистері. АТЖ коды С09СА01
Фармакологиялық қасиеттері ФармакокинетикасыІшке қолданғанда лозартан жақсы сіңеді және карбон қышқылының белсенді метаболитін және басқа да белсенді емес метаболиттер түзе отырып, алғашқы метаболизге ұшырайды. Лозартан таблеткаларының жүйелік биологиялық тиімділігі шамамен 33% құрайды. Асқазан-ішек жолдарының эпителийінде және бауырда белсенді метаболит түзе отырып, карбоксилденеді. Лозартанның шамамен 14 % белсенді метаболитке өзгереді. Лозартан мен оның белсенді метаболитінің орташа жоғары концентрациялары сәйкес 1 және 3-4 сағаттан кейін жетеді. Лозартанның және оның белсенді метаболитінің қан сарысуының ақуыздарымен, негізінен альбуминдермен байланысу дәрежесі 99 % астам. Лозартанның жалпы таралу көлемі 34 литрді құрайды, лозартан гематоэнцефалдық барьерден нашар өтеді. Метаболиттер және өзгермеген түрде өт арқылы шығарылады. Несеп арқылы шамамен дозаның 4 % өзгермеген түрінде және 6 % белсенді метаболит түрінде шығарылады. Фармакодинамикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|