|
|
|
Б.И. Қырғызбаевты, К.Қ. Әбікеевті, Е.Р. Ибрагимовті Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) және Б.И. Қырғызбаевты Минск қаласына (Беларусь Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік шекара қызметінің шақыруына байланысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің жоспарлы 24-ші отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Болат Исатайұлы Қырғызбаев 2009 жылғы 24 - 26 қараша кезеңіне Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) және 2009 жылғы 26 - 28 қараша кезеңіне Минск қаласына (Беларусь Республикасы), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бас штабы бастығының орынбасары Кенжемерген Қабышұлы Әбікеев пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бас штабының бірінші басқармасы шекаралық ынтымақтастық бөлімінің аға консультанты Ерлан Рафаэльұлы Ибрагимов 2009 жылғы 24 - 26 қараша кезеңіне Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Б.И. Қырғызбаевқа, К.Қ. Әбікеевке және Е.Р. Ибрагимовке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Атырау - Баку - Ақтау бағыты бойынша, Б.И. Қырғызбаевқа Атырау - Баку - Минск - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |